29
май
2025
"Алгебра" пәнінен қорытынды аттестаттау жүргізілді
2025 жылдың 29 мамырында Республикамыздың барлық білім беру мекемелерінде негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылар үшін «Алгебра» пәнінен қорытынды аттестаттау жүргізілді. Аттестаттаудың мақсаты – білім алушылардың оқу бағдарламасы көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес анықтау. Бұл рәсім оқушылардың пән бойынша білім, білік және дағдыларын бағалауға, сондай-ақ олардың келесі оқу сатыларына дайындық деңгейін айқындауға бағытталды. Негізгі орта білім беру бойынша қорытынды аттестаттауға лицейдің 310 оқушысы қатысты.
