Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі"
11
сентябрь
2025
"Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі"
10 "Ә" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектептің ішкі тәртібі мен ережелері талқыланды. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы айтылды. Мектеп формасын сақтау мәдениеті мен маңызы түсіндірілді. “30 бала – 30 тұлға” қағидасы негізінде әр баланың жеке қабілеті мен ерекшелігіне назар аудару қажеттігі айтылып, “Ақ парақ” әдісі арқылы оқушылардың психологиялық көңіл-күйі мен мінез ерекшеліктерін ата-аналармен бірге талқылау жүргізілді. Сонымен қатар баламен жеке уақыт өткізу,
Эссе – көркем ойдың жемісі
11
сентябрь
2025
Эссе – көркем ойдың жемісі
2025 жылдың 11 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейдің 8-сынып оқушылары арасында лицей кітапханасында «Менің отбасым – менің мақтанышым» тақырыбында эссе жазу шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасыға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыра отырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, олардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. «Отбасы – әрбір адамның баға жетпес байлығы, тіршіліктің тірегі, өмірдің алғашқы мектебі» деген ұстанымды негізге алған эсселерде
"Ер жігіт - елінің тірегі" атты ұлдар жиналысы
10
сентябрь
2025
"Ер жігіт - елінің тірегі" атты ұлдар жиналысы
Лицейде «Ер жігіт – елінің тірегі» атты ұлдар жиналысы өтті. Жиын барысында жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуы, жауапкершілік, әдеп пен тәртіп, отбасындағы және қоғамдағы ер азаматтың рөлі туралы мазмұнды әңгімелер өрбіді. Шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, болашаққа нық қадам жасауға жігер берді. 
Бектасова Алмагүл Ибраимовна — "Үздік педагог – 2025" байқауының жеңімпазы!
09
сентябрь
2025
Бектасова Алмагүл Ибраимовна — "Үздік педагог – 2025" байқауының
Ұстаздық жол – ұлы жол. Осы жолда тынымсыз еңбек етіп, шәкірт жүрегінен орын тапқан, білім мен тәрбие беруде үлкен үлес қосып келе жатқан ұстазымыз – Бектасова Алмагүл Ибраимовна I дәрежелі дипломмен марапатталды! Үздік ұстаз – 2025: Шәкіртке шамшырақ болған жан. Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Үздік педагог – 2025" байқауында үздіктер қатарынан табылу – үлкен жетістік, абыройлы еңбек нәтижесі. Құттықтаймыз! Шәкірттеріңіз көп болсын, шығармашылық шабыт пен кәсіби табыстар
«Отбасым – бақытымның бастауы» тақырыбында сынып сағаттары өтті
08
сентябрь
2025
«Отбасым – бақытымның бастауы» тақырыбында сынып сағаттары өтті
Отбасы – әр баланың алғашқы тәрбиесі мен мейірімнің, жылулықтың бастауы. Осыған орай апта барысында өткізілген сынып сағатында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызын талқылады.Шара барысында балалар өз отбасылары туралы әңгімелеп, ата-анаға деген құрмет, жақындарына жанашырлық көрсету, мейірімділік пен сүйіспеншілік жайлы жүрекжарды ойларымен бөлісті. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, отбасылық құндылықтарды қадірлеуге баулу болды.
ІІ апта дәйексөзі: «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»
08
сентябрь
2025
ІІ апта дәйексөзі: «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»
ІІ апта дәйексөзі: «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!» Сынып сағатының тақырыбы: Отбасым – бақытымның бастауы”Отбасы – әр баланың алғашқы тәрбиесі мен мейірімнің қайнар көзі. Бұл аптада өткізілген сынып сағатында оқушылар отбасының адам өміріндегі орны, ата-анаға құрмет, жақындарына жанашыр болу туралы ой бөлісті. Оқушылар өз отбасы туралы әңгімелеп, жылулық пен сүйіспеншілікке толы естеліктерімен бөлісті. Тәрбие сағаты адамгершілікке, сыйластыққа, отбасылық құндылықтарды қадірлеуге
"Ай тұтылған түн: аспан әлеміндегі ғажайып"
07
сентябрь
2025
"Ай тұтылған түн: аспан әлеміндегі ғажайып"
07.09.2025 ж. күні лицей базасында оқушылар мен ата-аналарға арналған айрықша астрономиялық бақылау шарасы өтті! 50-ден астам оқушы телескоп арқылы Айдың жартылай және толық тұтылу фазаларын тамашалап, ерекше құбылысқа куә болды. Кеш барысында қызықты викторина ұйымдастырылып, қатысушылар астрономия жайлы білімдерін сынап, жаңа мәліметтермен бөлісті. Ғылымға деген қызығушылықты арттырған бұл кеш — оқушыларға шабыт пен есте қалатын әсер сыйлады!
Сенбілік – табиғатты аялаудың үлгісі
06
сентябрь
2025
Сенбілік – табиғатты аялаудың үлгісі
№178 мамандандырылған лицейінде бүгін “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында жалпымектептік сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға оқушылар, ата-аналар және лицей ұжымы белсене қатысты. Сенбілік барысында мектеп аумағы тазаланып, көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді. Бұл игі бастама – табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар ата-ана, оқушы және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын тамаша
Назарбаев  Университетімен танысу
06
сентябрь
2025
Назарбаев Университетімен танысу
Лицейіміздің оқушылары Назарбаев зияткерлік мектебінде 10-11 сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру бойынша мамандары Назарбаев университеті жайлы ақпарат берді.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
05
сентябрь
2025
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі және Ахмет
Лицейімізде осы айтулы күндерге орай "Үш тіл – бірлік тілі" атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, әндер орындап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, түрлі интерактивті ойындарға белсене қатысты.Танымдық сағатта ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан ерен еңбегі мен ағартушылық қызметі жайлы тың ақпараттар ұсынылды. Шараның мақсаты – тілдің адамзат өміріндегі маңызын ұғындыру, үштілділікті