11
сентябрь
2025
Эссе – көркем ойдың жемісі
2025 жылдың 11 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейдің 8-сынып оқушылары арасында лицей кітапханасында «Менің отбасым – менің мақтанышым» тақырыбында эссе жазу шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасыға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыра отырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, олардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Отбасы – әрбір адамның баға жетпес байлығы, тіршіліктің тірегі, өмірдің алғашқы мектебі» деген ұстанымды негізге алған эсселерде оқушылар өз отбасына деген мақтаныштарын, сүйіспеншілік пен жылулықты шебер жеткізе білді. Әрбір шығарма – бала жүрегінің отбасына деген адал махаббаты мен шынайы сезімінің көрінісі болды.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кенжебаева М.К. және Төлендиева С.А. ұйымдастырды.