08
сентябрь
2025
ІІ апта дәйексөзі: «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»
ІІ апта дәйексөзі: «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»
Сынып сағатының тақырыбы: Отбасым – бақытымның бастауы”
-
Сынып сағатының тақырыбы: Отбасым – бақытымның бастауы”
Отбасы – әр баланың алғашқы тәрбиесі мен мейірімнің қайнар көзі. Бұл аптада өткізілген сынып сағатында оқушылар отбасының адам өміріндегі орны, ата-анаға құрмет, жақындарына жанашыр болу туралы ой бөлісті. Оқушылар өз отбасы туралы әңгімелеп, жылулық пен сүйіспеншілікке толы естеліктерімен бөлісті. Тәрбие сағаты адамгершілікке, сыйластыққа, отбасылық құндылықтарды қадірлеуге бағытталды. Басты ой: Бақыттың бастауы – мейірімді отбасында.
-