Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Үздік серіктес – 2025
04
октябрь
2025
Үздік серіктес – 2025
«Алматы дарыны» орталығының 5 жылдық мерейтойына арналған "Даму мен көшбасшылықтың 5 жылы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда №178 мамандандырылған лицейі "Үздік серіктес – 2025" марапатына ие болды! Сонымен қатар, лицей директоры Қайратбек Хамзаханович Шадиевке құрметті Алғыс хат табысталды. Бұл – дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған ортақ еңбектің жемісі. Ұжымның кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісі лайықты бағасын алды. 
Лицей ұстаздары —Республика мақтаныштары!
03
октябрь
2025
Лицей ұстаздары —Республика мақтаныштары!
"ҮЗДІК ПЕДАГОГ" атағының иегерлері, шебер ұстаздар —  физика пәнінің мұғалімі Слямгалиева Гульнар Набиевна мен математика пәні мұғалімі Амалбекова Лунара  Еркиновна ұстаздық шеберліктерімен республиканың мақтаныштарына айналды! Қаланың төріне суреттері ілініп,  көптің ықыласына бөленді!  Қос ұстаз,  Сіздердің ғылымға деген сүйіспеншіліктеріңіз бен шәкірттерге арнаған еңбектеріңіз – ұрпақ болашағына қосқан өлшеусіз үлес.
"Қарттың сөзі - ақылдың көзі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті
02
октябрь
2025
"Қарттың сөзі - ақылдың көзі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті
«Қарттың сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты – оқушыларға қарттардың өмірлік тәжірибесі мен ақылға толы өсиет сөздерінің мәнін түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүріндегі қарияға деген сыйластықты дәріптеу, оқушылардың бойына адамгершілік пен имандылық қасиеттерін сіңіру. 
Қарттарым – асыл қазынам
01
октябрь
2025
Қарттарым – асыл қазынам
Бүгін лицейіміздің 10-сынып оқушылары ардақты қарияларымызға деген алғысы мен құрметін білдіру мақсатында қарттар үйіне арнайы барып қайтты. Шара барысында оқушылар ардагерлерге гүл шоқтарын тарту етіп, ән шырқап, жылы лебіздерін жеткізді. Жүректен шыққан шынайы сөздер мен көтеріңкі көңіл-күй қариялардың жүздеріне қуаныш сыйлады. Бұл – оқушыларымыздың мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп келе жатқанының айғағы. Қарияларымыз – елдің қазынасы. Олардың өмірлік тәжірибесі мен
Жаңа шыңдар. Жаңа мүмкіндік. Жаңа жоба
01
октябрь
2025
Жаңа шыңдар. Жаңа мүмкіндік. Жаңа жоба
Біз — 178th_climbers — лицейдегі жаңа тау шыңына шығу клубымызды аштық! Бұл тек спорт емес, бұл — еркіндік, рух, команда, табиғат, және өз-өзіңді жеңу жолы. Біз бірге күлеміз, бірге қиналамыз, бірақ ешқашан берілмейміз!!!
"Денсаулық - зор байлық!" атты таңғы жаттығу
30
сентябрь
2025
"Денсаулық - зор байлық!" атты таңғы жаттығу
№178 мамандандырылған лицейде оқушылар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қатысуымен таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты нығайту мақсатында өткізілді. Спорт жетекшілері арнайы жаттығу бағдарламасын әзірлеп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды тәртіпке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Мұндай шаралар лицейде алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 
«Отбасы – ұрпаққа ұлағат, бірлік – жеңіске бастар жол!»
28
сентябрь
2025
«Отбасы – ұрпаққа ұлағат, бірлік – жеңіске бастар жол!»
28 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейінде Отбасы күніне арналған ерекше шара – ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті. Бұл шара – тек спорттық жарыс емес, отбасы мен мектеп арасындағы алтын көпірді нығайтатын, ұйымшылдық пен тәрбиенің жарқын көрінісіне айналған күн болды. 
“Табиғатқа бір қадам — жүрекке мың әсер!”
28
сентябрь
2025
“Табиғатқа бір қадам — жүрекке мың әсер!”
№178 мамандандырылған лицейінің 7 «В» сынып оқушылары мен ата-аналары керемет күнді табиғат аясында өткізіп, таза ауада демалып, таудың тылсым тынысын бірге сезінді. Сынып жетекшісі — Слямғалиева Гүлнар Нәбиевнаның бастамасымен ұйымдастырылған бұл серуен жай ғана демалыс емес, жан дүниені жаңартатын, ата-ана мен бала арасын жақындататын, сыныпты бір отбасыдай біріктіретін тамаша тәжірибе болды. 
Таза Қазақстан - жас ұрпақтың жаңа бастамасы
27
сентябрь
2025
Таза Қазақстан - жас ұрпақтың жаңа бастамасы
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында лицейіміздің 10 «Ж» сынып оқушылары: Сабитова Жанель, Манасбай Амина және Аманжол Дарын белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Оқушыларымыз мектеп аумағында қоқысты сұрыптап, қағаз қалдықтарын арнайы жәшіктерге бөліп жинау жұмыстарын жүргізді. Олардың бұл әрекеті – табиғатқа жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің және экологиялық мәдениеттің айқын көрінісі.
ҰБТ-ға сенімді қадам
26
сентябрь
2025
ҰБТ-ға сенімді қадам
11-сынып оқушыларымен лицей психологтары тарапынан ҰБТ-ға дайындыққа байланысты мотивациялық тренинг өткізілді. Бұл кездесу барысында оқушылар өз мақсаттарын айқындап, ҰБТ алдындағы қобалжуды жеңу жолдарын үйренді. Алдағы сынақта барша түлектерге сәттілік тілейміз!