01
октябрь
2025
Қарттарым – асыл қазынам
Бүгін лицейіміздің 10-сынып оқушылары ардақты қарияларымызға деген алғысы мен құрметін білдіру мақсатында қарттар үйіне арнайы барып қайтты. Шара барысында оқушылар ардагерлерге гүл шоқтарын тарту етіп, ән шырқап, жылы лебіздерін жеткізді. Жүректен шыққан шынайы сөздер мен көтеріңкі көңіл-күй қариялардың жүздеріне қуаныш сыйлады.
Бұл – оқушыларымыздың мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп келе жатқанының айғағы. Қарияларымыз – елдің қазынасы. Олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі – біз үшін үлкен мектеп.
Бұл – оқушыларымыздың мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп келе жатқанының айғағы. Қарияларымыз – елдің қазынасы. Олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі – біз үшін үлкен мектеп.
