Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ іс
18 қыркүйек №178 мамандандырылған лицейінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Алатау аудандық ПБ Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Л.Т. Жампеисова лицей әкімшілігімен бірлесіп өткізді. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәрбие, жауапкершілік, тәртіп сақтау және заңбұзушылықтың салдары туралы маңызды ақпарат берілді.