19
сентябрь
2025
Жақсылық - жан жылуы (балалар үйіне саяхат)
Лицейдің 8 "Б" сынып оқушылары сынып жетекшісі Өкпебаева Салтанат апаймен бірге балалар үйіне барды. Олар балаларға сыйлықтарын тарту етіп, балалармен ойындар ойнап, жылы көңіл-күй сыйлады. Бұл кездесу оқушыларға мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын терең түсіндіріп, жүректеріне адамгершілік сезімін оятты.