Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістігіміз – Тәуелсіздікке арналады! Алғыр да білімді арда жігіттеріміз биіктен көрінді!
15
декабрь
2025
Жетістігіміз – Тәуелсіздікке арналады! Алғыр да білімді арда
Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі Жаңа технологиялардың ҒӘО ұйымдастыруымен өткен VIII Шығармашылық байқауда  өз білімдері мен шығармашылық әлеуеттерін жоғары деңгейде дәлелдеп, озық шыққан физика пәнінің жас мамандары І дәрежелі диплом иегері Әкбар Нұржау мен ІІ дәрежелі диплом иегері Нұрсал Дәлелді шын жүректен құттықтаймыз!                             Бұл жеңіс – кәсіби шеберлік, жаңашыл көзқарас пен үздіксіз ізденістің нәтижесі. Еліміздің ертеңі – осындай талапты жастардың
Бабалар аманатын ұлықтаған ұстаз жетістігі!
15
декабрь
2025
Бабалар аманатын ұлықтаған ұстаз жетістігі!
Алматы қаласы Білім басқармасы Білім берудегі Жаңа технологиялардың ҒӘО ұйымдастырған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының қалалық кезеңіне лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысып, өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.  Перизат Косалиевна аудандық кезеңінен І орын,                                                                                                        қалалық кезеңде ІІ орын иегері атанып, ұстаздық жолдағы өз шеберлігі мен білімін лайықты
"TALQYLA" қазақша QUIZ ойыны
12
декабрь
2025
"TALQYLA" қазақша QUIZ ойыны
Лицейіміздің 6-сынып оқушылары Зерделі Халықаралық мектебінде өткен "TALQYLA" қазақша QUIZ ойынына қатысып, "178-Достар" және "178-Жалын" 2 командасы қатысып, үздік алты  топтың ішінен ІІ орынға ие болды. Лицейіміздің дарынды және талантты оқушыларын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
«Сенім – табыс кілті» психологиялық тренинг
11
декабрь
2025
«Сенім – табыс кілті» психологиялық тренинг
Бүгін лицейде 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға психологиялық дайындық аясында «Сенім – табыс кілті» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушыларға стресс пен толқынысты басқару тәсілдері, өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар ұсынылды. Шара оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға және ҰБТ-ға сенімді дайындалуына ықпал етті.
Ұстаз мерейі үстем болған күн!
10
декабрь
2025
Ұстаз мерейі үстем болған күн!
Бабалар аманатын ұлықтаған ұстаздарымызға мың алғыс! Алматы қаласы Білім басқармасы ББ ЖТ ҒӘО ұйымдастырған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының аудандық кезеңінде лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері зор жетістікке жетті.  Абдумуталипова Перизат Косалиевна — I орын иегері атанып, қалалық кезеңге жолдама жеңіп алды!  Женсикбаева Назигуль Бахытовна — III орын  Аметова Сауле Уринбасаровна — III орын Ұстаздарымыздың еңбегі жанып, шығармашылық ізденістері шыңдала берсін!
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
09
декабрь
2025
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
Бүгін лицейде оқушыларға қар көшкіні қаупі, оның себептері және одан қорғану тәсілдері бойынша арнайы түсіндірме сабақ өткізілді. Онлайн форматта өткен кездесуде мамандар таулы аймақтардағы қауіпсіздік ережелерін, табиғи құбылыстардың ерекшеліктерін және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Оқушылар қар көшкінінің негізгі себептерімен, ауа райының өзгеруінің әсерімен, жер сілкінісі сияқты табиғи факторлар және адам әрекеті салдарынан болуы мүмкін қауіптермен
Дұрыс таңдау жаса!
08
декабрь
2025
Дұрыс таңдау жаса!
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі "KIMEP" университетіне саяхат-сабағына барды.
Республикалық референдум: Болашаққа бағыт
08
декабрь
2025
Республикалық референдум: Болашаққа бағыт
Бүгін мектебімізде 5–11-сынып оқушылары үшін республикалық референдум туралы бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар референдумның не екені, оның мемлекет өміріндегі орны, маңызды шешімдердің қалай қабылданатыны және азаматтық ұстанымның маңызы жөнінде түсінік алды. Сабақ барысында балалар өз ойларымен бөлісіп, қоғамдағы әр адамның дауысы маңызды екенін білді.
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің кепілі
08
декабрь
2025
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің
Құрметті ата-аналар! 2025 жылдың 12 желтоқсанында мектебімізде «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің кепілі» тақырыбында ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара барысында: ІІ тоқсанда алынған БЖБ жұмыстары таныстырылып, оқушылардың білім, білік, дағдылары бойынша кері байланыс беріледі. Барша ата-аналарды ашық есік күніне белсенді қатысуға шақырамыз!
"Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағы
08
декабрь
2025
"Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде "Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағына Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші - Темирова Гүлназ Сембайқызы  оқушыларға университет тарихы мен сол университетті бітірген танымал тұлғаларды анықтау мақсатында арнайы тапсырмаларды беріп, саяхат-сабағына барған оқушылармен кері байланыс жасады.