15
декабрь
2025
Бабалар аманатын ұлықтаған ұстаз жетістігі!
Алматы қаласы Білім басқармасы Білім берудегі Жаңа технологиялардың ҒӘО ұйымдастырған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының қалалық кезеңіне лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысып, өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Перизат Косалиевна аудандық кезеңінен І орын,
қалалық кезеңде ІІ орын иегері атанып, ұстаздық жолдағы өз шеберлігі мен білімін лайықты биікте көрсетті !
Бұл жеңіс — ұстазымыздың табанды еңбегінің, шығармашылық ізденісінің, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі жауапкершілігінің нәтижесі.
Ұстаздарымыздың кәсіби дамудағы қадамдары қарқынды болып, еңбектері әрдайым жемісті болсын! Олардың жетістіктері шәкірттеріне шабыт, әріптестеріне өнеге боларына сенім мол.
Жеңімпаз ұстазымыз Перизат Косалиевнаға алдағы байқауларда да сәттілік серік болып, биік белестерді бағындыра беруін тілейміз!
