Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты қалалық байқаудың жүлдегері
20
декабрь
2025
«Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты қалалық
Алматы қаласы Білім басқармасы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің қолдауымен өткен «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты қалалық байқауда командалық сайыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатбаева Роза Сатанқызы ІІ орын жүлдегері атанды. Бұл табыс – оқу сауаттылығы мен математикалық ойлауды ұштастыра отырып, жоғары деңгейдегі білім, логикалық пайым және ұйымшылдықты көрсете білген еңбектің айқын нәтижесі.                                           Роза
Математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы ІІ орын жүлдегері
20
декабрь
2025
Математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы ІІ орын
Алматы қаласы Білім басқармасы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің қолдауымен өткен «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты қалалық байқауда командалық сайыс бойынша математика пәнінің мұғалімі Әділбеков  Ермұрат Нұрғанымұлы ІІ орын жүлдегері атанды. Бұл табыс – оқу сауаттылығы мен математикалық ойлауды ұштастыра отырып, жоғары деңгейдегі білім, логикалық пайым және ұйымшылдықты көрсете білген еңбектің айқын нәтижесі.  Ермұрат Нұрғанымұлына  алдағы уақытта шығармашылық
«Шолпан жұлдыздары» би ансамблі І дәрежелі Лауреат атанды
19
декабрь
2025
«Шолпан жұлдыздары» би ансамблі І дәрежелі Лауреат атанды
Республикалық көп жанрлы өнер байқауы BIG SHOW аясында лицейіміздің мақтанышы — «Шолпан жұлдыздары» би ансамблі қазақ биі «Балауса» нөмірімен Хореография номинациясы бойынша І дәрежелі Лауреат атанды! Бұл жетістік — қажырлы еңбек пен үздіксіз дайындықтың, өнерге деген сүйіспеншіліктің жемісі. Өнерлі өрендерімізді, жетекшілерін және ата-аналарын зор жетістікпен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биіктерден көрініп, талай асуларды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!
Тәуелсіздік – ұлттық өнермен ұштасқанда
19
декабрь
2025
Тәуелсіздік – ұлттық өнермен ұштасқанда
Тәуелсіздік күніне орай 5 «Ә» сынып оқушысы Құл-Ғайып Айсұлтан мен Тоқтарбай Ерасыл қазақтың халық күйі «Балбырауын» күйін орындады. Ұлттық өнерді ұлықтап, домбыраның қоңыр үнімен көпшілікті тәнті еткен жас домбырашыға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз! 
«Бірлік бар жерде – буллинг жоқ» психологиялық тренингі
18
декабрь
2025
«Бірлік бар жерде – буллинг жоқ» психологиялық тренингі
«Бірлік бар жерде – буллинг жоқ» тақырыбында 5 сынып оқушыларына психологиялық тренинг өтті . Тренинг барысында буллинг тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, оның алдын алу жолдары қарастырылды. Достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында топтық тапсырмалар орындалып, оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Тәуелсіздік – ұлт рухының мәңгілік нышаны
17
декабрь
2025
Тәуелсіздік – ұлт рухының мәңгілік нышаны
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай лицейіміздің “Тамшы” театрының жас өнерпаздары мен 8 «Б» сынып оқушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Мөлдір Үсенқызы мен математика пәнінің мұғалімі Окпебаева Салтанат Каджимуратовнаның ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні “Желтоқсан” монументіне барып, гүл шоғын қойды.  Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ел тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру және патриоттық тәрбие беру.
Желтоқсан — тәуелсіздікке бастар жол
15
декабрь
2025
Желтоқсан — тәуелсіздікке бастар жол
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылғы 17–18 желтоқсанда Алматы қаласында өткен, қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы бағытталған батыл наразылық әрекеті. Бұл тарихи оқиға — бостандық пен тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқының тағдырындағы ең елеулі кезеңдердің бірі. «Қилы заман мықты адамдарды тудырады, ал мықты адамдар бейбіт заман тудырады» деген даналық сөзді негізге ала отырып, бүгін №178 мамандандырылған лицейдің 5 «Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында
«Тәуелсіздік – тұғырым» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті
15
декабрь
2025
«Тәуелсіздік – тұғырым» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті
15 желтоқсан күні лицейімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті. Бұл тағылымды шарада тәуелсіздік тарихы — тағылыммен, елдік рух — жырмен, ұлттық құндылықтар — әсем әуенмен өріліп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ұстаз бен шәкірттің бірлігі арқылы елге деген сүйіспеншілік, білім мен тәрбиенің маңызы айқын көрініс тапты. Сахна төрінде орындалған әрбір өнер туындысы — Тәуелсіз ел ұрпағының биік рухы мен
Bishkek FIRST regional 2025 робототехника сайысында жеңіске жеттік
15
декабрь
2025
Bishkek FIRST regional 2025 робототехника сайысында жеңіске жеттік
Бішкекте өткен халықаралық Bishkek FIRST regional 2025 робототехника сайысында №178 мамандандырылған лицейдің "SunRise" командасы жоғары нәтиже көрсетіп, Central Asia кезеңіне жолдаманы жеңіп алды. Сонымен қатар, команда "Sustain Award Winner" номинациясын иеленәп, өз шеберлігі мен тұрақты дамуға қосқан үлесін дәлелдеді.
Жетістігімді – Тәуелсіздікке арнаймын! VIII Шығармашылық байқауда жүлдегер атандық
15
декабрь
2025
Жетістігімді – Тәуелсіздікке арнаймын! VIII Шығармашылық байқауда
Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі Жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған VIII Шығармашылық байқауда математика пәнінің мұғалімі Рахымбекұлы Досжан математикалық білімін танытып, жоғары кәсіби деңгейін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жас маман ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – жас ұстаздың білім беру саласын дамытуға қосқан үлесінің айқын көрінісі.  Талабы мен табандылығы жоғары Рахымбекұлы Досжанды  жетістігімен құттықтай отырып,