15
декабрь
2025
«Тәуелсіздік – тұғырым» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті
15 желтоқсан күні лицейімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті. Бұл тағылымды шарада тәуелсіздік тарихы — тағылыммен, елдік рух — жырмен, ұлттық құндылықтар — әсем әуенмен өріліп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ұстаз бен шәкірттің бірлігі арқылы елге деген сүйіспеншілік, білім мен тәрбиенің маңызы айқын көрініс тапты. Сахна төрінде орындалған әрбір өнер туындысы — Тәуелсіз ел ұрпағының биік рухы мен парасатының жарқын дәлелі болды.
Бұл кеш — еркін елдің білімді ұрпағын тәрбиелеу жолындағы ортақ еңбегіміздің жемісі. Тәуелсіздік — біздің тағдырымыз, білім — оның берік тұғыры! Осындай мазмұнды да мағыналы шараға атсалысқан барлық ұстаздар мен өнер көрсеткен оқушыларға зор алғыс білдіреміз.
Тәуелсіздігіміз мәңгі, тұғырымыз берік болсын!