17
декабрь
2025
Тәуелсіздік – ұлт рухының мәңгілік нышаны
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай лицейіміздің “Тамшы” театрының жас өнерпаздары мен 8 «Б» сынып оқушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Мөлдір Үсенқызы мен математика пәнінің мұғалімі Окпебаева Салтанат Каджимуратовнаның ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні “Желтоқсан” монументіне барып, гүл шоғын қойды.
Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ел тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру және патриоттық тәрбие беру. Іс-шара барысында оқушылар Желтоқсан оқиғасының мәні мен тәуелсіздіктің бағасын терең сезінді.
Мұндай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы баянды болсын!
