Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№178 мамандандырылған лицейі сіздерді ата-аналар жиналысына шақырады!
13
ноябрь
2025
№178 мамандандырылған лицейі сіздерді ата-аналар жиналысына шақырады!
Құрметті ата-аналар! №178 мамандандырылған лицейі сіздерді ата-аналар жиналысына шақырады!  Өтетін күндер: 5–8-сыныптар: 13 қараша 2025 ж. 9–11-сыныптар: 14 қараша 2025 ж.  Басталуы: 18:00  Өтетін орны: №178 мамандандырылған лицей Алматы қаласы Білім басқармасының кестесіне сәйкес, қала мектептерінде өтетін ата-аналар жиналыстары аясында ұйымдастырылған бұл іс-шарада сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды! Балаңыздың болашағына бірге үлес қосайық! 
"Мамандық және оның түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
12
ноябрь
2025
"Мамандық және оның түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
Лицейіміздің кәсіби бағдар беру бойынша маманы Тілеужан Әбілқайыр 8-сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен "Мамандық және оның түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Пән мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші -  Оспанбекова Айжан.
"Абай әлемі"
11
ноябрь
2025
"Абай әлемі"
6 "Б" сынып оқушылары ІІ тоқсанды қазақтың  ұлы ақыны - Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай "Абай әлемі" атты тақырыпта бастады. Алдағы уақытта ақынның қара сөздерін насихаттап және  өлеңдерін оқып,  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде саяхат-сабағы жобасы бойынша баруды жоспарлап отыр.
«КӨМЕК» бағдарламасы аясындағы онлайн сабақ
11
ноябрь
2025
«КӨМЕК» бағдарламасы аясындағы онлайн сабақ
178 мамандандырылған лицейдің 6-сынып оқушылары Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілімен бірлесе өткізілген «Көмек» бағдарламасы бойынша онлайн сабаққа қатысты. Сабақтың мақсаты – оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Іс-шараға лицейдің сынып жетекшілері мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысып, тәртіп пен тәртіптілікті қадағалады.  «Көмек» бағдарламасы –
"Жасанды интеллект" жобасы
10
ноябрь
2025
"Жасанды интеллект" жобасы
6 "Б" сынып оқушылары қазіргі таңда әлемдік нарықта сұранысқа ие "жасанды интеллект" жобасы жайында видеоролик түсірді.
Тәрбиенің төрінде – елдік пен әділдік рухы
10
ноябрь
2025
Тәрбиенің төрінде – елдік пен әділдік рухы
10–14 қараша аралығында №178 мамандандырылған лицейде «Тура биде туған жоқ!» дәйексөзі негізінде 5–11-сыныптар арасында тәрбиелік сынып сағаттары өтті. Оқушылар Ұлттық валюта – теңге күні мен Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы, «Алматы – таза қала» және «Жол қауіпсіздігі» тақырыптарында танымдық жұмыстар жүргізілді. Бұл шаралар оқушылардың елжандылық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. 
Жүректен шыққан жылылық – ізгілікке бастар жол
07
ноябрь
2025
Жүректен шыққан жылылық – ізгілікке бастар жол
№178 мамандандырылған лицейде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, “Қамқор” және “Көмек” жобалары аясында игілікті бастама — «Бауырсақ пати» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – оқушылардың мейірімділік, жанашырлық және ортақ жауапкершілік сезімін ояту. Шара барысында лицей ұжымы мен оқушылар өз қолдарымен бауырсақ пісіріп, жиналған қаражатты мұқтаж жандарға көмек ретінде бағыттады.  «Бауырсақ пати» тек дәмді тағам мерекесі емес, ол – жүрек жылуын бөлісудің,
5-сынып оқушыларына бейімделуге арналған тренинг
06
ноябрь
2025
5-сынып оқушыларына бейімделуге арналған тренинг
5-сынып оқушыларымен «Оқу іс-әрекетіне деген ынтасын арттыру» тақырыбында тренинг және дәрістер өткізілді. Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, өз оқу іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға баулу және ішкі мотивациясын дамыту болды.
"Ai-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол"
05
ноябрь
2025
"Ai-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол"
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша "Ai-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол" тақырыбында семинар өтті.
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында лицейдің медбикелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді
04
ноябрь
2025
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында лицейдің медбикелері
Лицейдің медбикелері «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8–11-сынып оқушылары арасында тәрбиелік бағыттағы түсіндірме жұмыстарын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірім қыздар арасында әдептілік, салауатты өмір салты, өзін-өзі күту мәдениеті және ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде түсінік қалыптастыру болды. Кездесу барысында медбикелер қыз баланың қоғамдағы, отбасындағы рөлі туралы айтып, жеке гигиена, психологиялық және физикалық денсаулықты сақтау, өз-өзіне сенімділік пен