07
ноябрь
2025
Жүректен шыққан жылылық – ізгілікке бастар жол
№178 мамандандырылған лицейде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, “Қамқор” және “Көмек” жобалары аясында игілікті бастама — «Бауырсақ пати» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – оқушылардың мейірімділік, жанашырлық және ортақ жауапкершілік сезімін ояту. Шара барысында лицей ұжымы мен оқушылар өз қолдарымен бауырсақ пісіріп, жиналған қаражатты мұқтаж жандарға көмек ретінде бағыттады.
«Бауырсақ пати» тек дәмді тағам мерекесі емес, ол – жүрек жылуын бөлісудің, ізгілік пен қамқорлықтың символына айналды. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, қайырымдылықтың қоғамдағы мәнін ұғындыруға жол ашады. 
