Оқушыларға » Страница 75 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Салауат» бағыты бойынша «АИТВ/ЖИТС»
04
декабрь
2019
«Салауат» бағыты бойынша «АИТВ/ЖИТС»
    Лицейімізде «Жас Ұлан» ұйымының «Салауат» бағыты бойынша «АИТВ/ЖИТС»-тің алдын алу бағыты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі мақсаты: Аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау, денсаулық және адам өмірінің басты құндылығын арттыру.      Аталған мақсаттар бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, лицей медбикесі Әсел Әлайдарова оқушыларға дәріс оқып, салауатты өмір салтын ұстау керек екендігін тілге тиек еткізді.       Салауатты өмір салтын ұстанып, аурудың
«Біз – дарынды жастармыз»
03
декабрь
2019
«Біз – дарынды жастармыз»
    Лицейімізде «Біз – дарынды жастармыз» тақырыбында «Жайдарман» ойыны өткізілді. «Жайдарман» ойынының негізгі мақсаты: оқушылардың өнері мен белсенділігін арттыру. «Жайдарман» ойыны «Жас Ұлан» ұйымының «Жеті Жарғы» бағыты бойынша өткізілді. Ойынға 8-10 сынып оқушылары арасынан 4 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы өткен ойында жеңіске жеткен және жүлделі орындарға ие болған командалар:    І орын:  «Жұрттың балалары» командасы (9  «д» сыныбы).    ІІ орын: «Болашақ» командасы
Талпынған жетер мұратқа ...
02
декабрь
2019
Талпынған жетер мұратқа ...
    2019 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында қала әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мен конкурстар бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті.     Кездесу барысында әкім Бақытжан Сағынтаев қаламыздың дарынды жастарына үнемі қолдау көрсететінін айта келе, оқуда, еңбекте шығармашылық табыс тілеп, Отанына адал қызмет етуді тапсырды. «Сендердің қазіргі таңдағы жетістіктерің еліміздің болашақта
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты ант қабылдауы
29
ноябрь
2019
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты ант
    №178 лицейдің жанынан құрылған «Ел Жастары» клубының белсенді оқушылары, республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты ант қабылдауына қатысып, мерекелік кешке ат салысты.      Лицейіміздегі «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалар ұйымы және Алатау ауданы спорт бөлімінің басшысы Әлихан Серікұлы бастаған оқушыларымыз, алдағы уақытта өтетін барлық іс-шараларда белсенді түрде қызмет етеді.
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
29
ноябрь
2019
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
    «Ел Жастары» клубының белсенді мүшелері, 9 «и» сыныбының оқушылары Қыдырбек Ақнұр мен Мұратқызы Амина Нархоз колледжінде «Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыста жеңімпаз атанып, бизнес және кәсіпкерлік қабілеттері бойынша өз шеберліктерін шыңдады. Қос оқушымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!      Біздің клубымыздың қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
"Абай дана, Абай дара қазақта ..."
28
ноябрь
2019
"Абай дана, Абай дара қазақта ..."
    Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген "Абай дана, Абай дара қазақта ..." атты республикалық байқауда №178 лицейдің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назигуль "Дарынды ұстаз" төсбелгісімен марапатталды.
11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары
27
ноябрь
2019
11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары
     №178 лицейде апта сайын 11-сынып оқушыларының  қорытынды аттестаттауға дайындық  жұмыстары жүргізіліп отырады.    Мақсаты: Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау.  11-сынып оқушыларының алдын-ала қорытынды аттесттаттауға дайындық тест нәтижелерін талдап көрсету.    Негіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының қабылдауында болды
27
ноябрь
2019
Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының
     Алатау ауданында «Біздің азаматтық позиция» тақырыбында өткен сайыстың ІІІ орын иегерлері мен «Туға қарап, бой түзе!» атты аудандық сайыста І орын жеңіп алған «Ел Жастары» клубының оқушылары лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлының қабылдауында болды.      «Құрметті, біздің оқушылар! «Ел Жастары» клубының белсенділері!    Сіздер қандай сайысқа қатыссаңыздар да, лицей намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанып, жүлделі орындардың қатарынан көрінесіздер. Өз білімдеріңіз бен
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
25
ноябрь
2019
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
   Алатау ауданы мектептері арасында №1 Оқушылар үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Туға қарап, бой түзе!» тақырыбында өткен ту ұстаушылар сайысында №178 лицейдің жанынан құрылған «Ел Жастары» клубының белсенді оқушылары І орынды жеңіп алды.    Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін оқушыларымызға алдағы уақытта да тек сәттілік пен жеңіс тілейміз. Жеңіс құтты болсын, «Ел Жастары»!
"Нұрлы жастар"
23
ноябрь
2019
"Нұрлы жастар"
  "Нұрлы жастар" атты Республикалық жасөспірімдер арасындағы көркемсөз онлайн байқауынан №178 лицейдің 7-сынып оқушылары жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. Байқауда жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз:    7"Ж" сынып оқушысы Турганова Аруна - 1 орын,     7"Б" сынып оқушысы Сұлтан Жарқын - 2 орын.    7"Ә" сынып оқушысы  Нұрәділ Аяулым - 2 орын,    7"Ж" сынып оқушысы Ауез Жасмин - 2 орын.    7"Ж" сынып оқушысы  Жархын Қарақат - 2 орын дипломдарымен марапатталды.