Оқушыларға » Страница 79 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті
19
октябрь
2019
«Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті
    Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейдің 9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан «Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа ресми түрде 8 команда қатысып, ішінен үздік үш команда өзара I, II, III орындарды иеленді. Осы жарыс лицей жанынан құрылған «Ел жастары» клубының спорт министрі мен оның көмекшілері және «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру,  АӘ және техникалық дайындық» кафедрасының меңгерушісі Мира Утешованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.     Жарыстың қорытындысы
Лицей мақтанышы –  ауданымыздың басшылық қызметіне сайланды
19
октябрь
2019
Лицей мақтанышы – ауданымыздың басшылық қызметіне сайланды
    Алатау ауданына қарасты №1 Оқушылар үйінде жалпы орта білім беретін мектептер, гимназиялар мен лицей оқушылары арасында ауданаралық Ұланбасыларды тағайындау мақсатында сайлау өткізілді. Сайлау барысында №178 лицейдің 9 «ғ» сынып оқушысы Әлихан Серікұлы Алатау ауданы оқушылар қоғамдастығының «Салауатты өмір салтын сақтау» қызметінің басшысы болып сайланды.      Бокстан спорт шеберлігіне үміткер, боксшы Әлихан Серікұлына алдағы уақытта қызметіне табыс пен сәттілік тілейміз!
«Алтын сақа» олимпиадасының  қалалық ІІ кезеңі
19
октябрь
2019
«Алтын сақа» олимпиадасының қалалық ІІ кезеңі
     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейде 5-6 сынып оқушылары арасында "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіттің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 19 қазанында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық 2 кезеңі өтті. Алматы қаласы мектептерінен 160 оқушы қатысты.
Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
17
октябрь
2019
Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
     Алматы қаласының Цифрландыру бағдарламасын іске асыру  мақсатында  қалалық Цифрландыру департаментінің басшысы Б. Қоңырбаев пен   Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры А. Дупик   №178 лицейдің заманауи үлгідегі  робототехника бөлмесін көруге келді.     Лицейге келген қонақтар оқу бөлмесіндегі пайдаланылатын  «Arduino», «Lego Mindstormes EV3» және  т.б. құрал-жабдықтардың сапасына ерекше мән беріп, ондағы атқарылып отырған
Лицейімізде «Патриоттық әндер» сайысы өткізілді
16
октябрь
2019
Лицейімізде «Патриоттық әндер» сайысы өткізілді
№178 лицейде 5-8 сынып оқушылары арасында «Патриоттық әндер» сайысы өткізілді. Бұл сайыста оқушылар мәнерлеп өлең оқу, ән айту, айтыс өнері  бағыты бойынша бақтарын сынады. Іріктелген оқушылар алдағы уақытта лицейімізде өтетін іс-шараларда өнер көрсететін болады.
«Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасы
14
октябрь
2019
«Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасы
Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасына қатысып, №178 лицей оқушылары жүлделі екінші орынға ие болы.
«Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқау
14
октябрь
2019
«Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқау
Республикалық «Жас Дарын» ДБО ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай өткізілген «Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқауда «Қолөнер» және «Бейнелеу өнері» аталымдары бойынша оқушыларымыз үздік өнер көрсеткені үшін біршеше бас жүлдені және бірінші орынды жеңіп алды.
Онлайн сабақ
14
октябрь
2019
Онлайн сабақ
2019 жылы 14 қазан күні сағат 11:00-де № 178 лицейдің "Алғашқы әскери және техникалық дайындық" кабинетінде 1-тақырып: «Баланың отпен ойнауы мен тұрмыстағы өрт шығу себептері» 2-тақырып: «Көкшетау техникалық институтының ережелері» тақырыптарындағы онлайн-сабақтар көрсетілді. Сабаққа 10-а,11-в сыныптарының оқушылары қатысты.
«Қарттарым – асыл қазынам»
11
октябрь
2019
«Қарттарым – асыл қазынам»
     Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке лицей оқушыларының ата-анасы мен әжелері құрметті қонақ ретінде шақырылып, өз немерелері мен оқушылардың көрсеткен өнерлерін тамашалады. Кештің негізгі мақсаты қазыналы қарттарымызды сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-әже және немере арасындағы байланысты, ата-ана мен баланың қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында болды. Лицейіміздің белсенді
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары»
10
октябрь
2019
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары»
    Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде, қалалық «Мониторинг және талдау орталығы» жетекшілігінің лекторы Рахимгазиев Жайдар Тұрғанбекұлы оқушыларға «діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары» бойынша баяндама оқып, оқушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.     Сондай-ақ қазіргі кезде кеңінен жайлап, қоғамға кері әсерін тигізіп жүрген жат ағымдар жайында да маңызды ақпараттар назардан тыс қалмады.      Лектор, Жайдар Тұрғанбекұлы әлеуметтік желідегі кейбір