№178 мамандандырылған лицейдің Call Center өкілдері
Құрметті ата-аналар! Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты І тоқсаннан бастап сабақтар қашықтықтан оқытумен жүргізілуде. Бұл жағдай қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Барлық ата-аналар, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз! Ең бастысы, сақтық пен сыни ой керек. Мемлекет тарапынан айтылып жатқан кеңестерге, карантин шараларына бағынған жөн. Қашықтықтан оқыған кезде көп сұрақтар туындауы мүмкін, біз, лицей әкімшілігі сіздердің сұрақтарыңызға тікелей жауап береміз.