8-сынып оқушылары арасында «Біз пара бермейміз және алмаймыз»
№178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 8-сынып оқушылары арасында «Біз пара бермейміз және алмаймыз» тақырыбында пікір-сайыс өткізді. Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, патриоттық тәрбиеге баулу.