Оқушыларға » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Белсенді оқушымыз Амитбек Айбын аудан бойынша ҮЗДІКТЕР шеруінде
28
июнь
2022
Белсенді оқушымыз Амитбек Айбын аудан бойынша ҮЗДІКТЕР шеруінде
    Белсенді әрі үздік бол, қоғамға үлесіңді қос, содан кейін өзіңе берілген мүмкіндікті пайдаланып, уақытыңды тиімді өткіз. Дәл осындай үрдіспен жүретін "Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Амитбек Айбын қазіргі таңда "Өрнек" жазғы демалыс лагеріне жолдама алып, "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздіктер шеруіне лицейіміздің атынан қатысып, демалыс уақытын тиімді өткізуде. Жыл бойы лицейдің қоғамдық жұмыстарына өз үлесін қосып, білімде де, қоғамдық жұмыстарда да үздіктер
XVI халықаралық математика және жобалау байқауы
14
июнь
2022
XVI халықаралық математика және жобалау байқауы
    XVI халықаралық математика және жобалау байқауына Алматы қаласынан №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірті, 5-сынып оқушысы Бектас Әди қатысып, «Жасөспірімдер» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды. Жетекшісі - математика пәнінің мұғалімі Ахмеджанова Айжан Дарушовна.      Халықаралық байқауда топ жарып, еліміздің көк туын көкке көтерген шәкіртімізді орасан зор жеңісімен құттықтаймыз!
Еркін күрестен Жамбыл ауданының ашық турнирі өтті.
11
май
2022
Еркін күрестен Жамбыл ауданының ашық турнирі өтті.
     Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай ұйымдастырылған еркін күрестен Жамбыл ауданының ашық турнирінде 2007-2010 жылдар арасында 65 кг салмақта І орын алған үшін N178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ж" сынып оқушысы Жармухамбет Ерназ марапатталды.
“Ғылым әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстың жүлдегерлері анықталды.
09
май
2022
“Ғылым әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми
    Ағымдағы жылдың 5-6 мамыр күндері “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ғимаратында “Ғылым әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстың қорытынды кезеңі өтті. Жарысқа 178 мамандандырылған лицейімізден төрт ғылыми жоба қатысты. Халықаралық ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша Астрофизика және ғаламның эволюциясы секциясынан🥈Даулет Айбек және Еркін Ернат 2 орын, 🥉Алмат Диас және Сапар Еркебұлан 3 орынға ие болды.
“МЕН - ДЕБАТЁРМІН” челленджі
08
май
2022
“МЕН - ДЕБАТЁРМІН” челленджі
  “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен “МЕН - ДЕБАТЁРМІН” челленджіне 8-11 сынып оқушылары және колледж студенттерінің дебат қозғалысының мүшелері арасында өткізілген видеороликтер байқауына 370 адам қатысып, 76 видеороликтер қарастырылып, №178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі дебат клубы “Gen Z” командасы 🥇1 орынға ие болды. Жетекшісі: Ауельбекова Айнура Мейрхановна
"Халыкаралық дарынды балалар"  фестивалі
07
май
2022
"Халыкаралық дарынды балалар" фестивалі
    N178 мамандандырылған лицейдің 9 "Е" сынып оқушысы Даутбек Тоғжан "Халыкаралық дарынды балалар" фестиваліне қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.
Жәрмеңкенің өтуіне өз үлесін қосқан белсенді оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!
05
май
2022
Жәрмеңкенің өтуіне өз үлесін қосқан белсенді оқушыларымызға
    "Бірлігіміз жарасқан!" атты қайырымдылық жәрмеңкесіне белсенділік танытқан көшбасшы оқушыларымыз лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының алғыс хатымен марапатталды. Жәрмеңкенің өтуіне өз үлесін қосқан ерікті-менеджер оқушыларымызға өз алғысымызды білдіреміз!
Шахматтан "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысы.
04
май
2022
Шахматтан "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының
    8-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Шахматтан "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысында №178 мамандандырылған лицейдің 5 «А» сынып оқушысы Касен Абай 4 разряд алды.
«Spring games 2022» робототехника байқауы
30
апрель
2022
«Spring games 2022» робототехника байқауы
     29.04.2022 Алматы қалалық оқушылар сарайында «Spring games 2022» робототехника байқауы жоғарғы деңгейде өтті. Аталмыш байқауда №178 мамандандырылған лицейдің «Omega» командасы Миракбаров Райымбек, Құрман Еркөкше ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі №178 мамандандырылған лицейдің робототехника пәнінің мұғалімі Рахатов Дастан Тулеубекович. Шәкірттеріміздің жеткен жетістігі құтты болсын!
Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының қалалық кезеңі
29
апрель
2022
Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының қалалық кезеңі
     Алматы қаласы “Зерделі ақыл-ой дамыту орталығының” ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 сәуір күні №126 мамандандырылған лицей ғимаратында 10 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – математика ғылымының қыр-сырларын жетік меңгеру, түрлі тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлап, күрделі есептерді шығару арқылы ерекше қабілетті балаларды анықтау. №178 мамандандырылған лицей шәкірттері де өз білімдерін сынаққа салып, Сағынбек
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 72 Вперед