«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
25
май
2021

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді

25.05.2021 жылы Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 мамандандырылған лицейде соңғы қоңырау салтанаты онлайн форматта өтті. Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы бейнеконференция арқылы түлектер мен олардың ата-аналарын, ұстаздар қауымын және оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Дәстүрге сай соңғы қоңырау соғу салтанаты ZOOM кеңістігінде 11-сынып оқушыларына тапсырылды.
Сағат 9.00-де басталған бірыңғай сынып сағаттарында алдын ала дайындалған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты бейнежазба арқылы оқушылардың 2020-2021 оқу жылындағы халықаралық, республикалық, қалалық деңгейдегі олимпиада, ғылыми жоба және шығармашылық, спорттық, өнер сайыстарының жеңімпаздарының жетістіктері ұсынылды. Әсерлі Онлайн соңғы қоңырау соңы «Ұстазым» әнімен өз мәресіне жетті.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: