«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2019

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

     Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз үшін , оларды келешекке арманына шақыратын соңғы қоңырау болды .Бүгін 2019 жыл 25 мамыр күнін №178 лицейде мәңгі есте сақтар күн . Алып ұшып түйініндей хаттардың . Түлектерге қимас сезім сыйлаған. Куәсіндей балалық бал шақтардың деп , еліміздің ұлан ғайыр білім ордаларында күміс қоңыраудың соңғы сазы, 

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» мерекесі өткізілді. Лицейіміздің  бітіруші түлектері мен сынып жетекшілерін  үлкен қошеметпен ортаға шақырды. Оқушылар сапқа тұрғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Барлығы орындарына жайғасқаннан кейін, лицей  директоры Шадиев Қайратбек Хамзахановичке сөз берілді. Салтанатты рәсім барысында лицейіміздің өнерлі оқушылары және 11 сынып түлектері, мың бұралған «Мадина» бишілер тобы өз өнерлерін көрсетті.11 сынып оқушылары , 10 сынып оқушыларына салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын аманат етіп тапсырды. 

 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау соғу құрметі лицейіміздің 11 сынып түлектеріне беріліп,  «Мектеп бітірушілер вальсін» биледі . Жиын соңында мектеп бітіруші түлектерге ақ жол төселіп, Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларына, жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілей отырып 11 сынып түлектерін шығарып салды! 






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: