Ұлттық спорт - ұлт келбеті
Бүгін, Наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Ұлттық спорт күніне орай, №178 мамандандырылған лицей ұстаздары ұлттық би билеп, ұлттық ойындар ойнады. Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.