Материалы за Март 2024 года » Страница 5 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2024 года » Страница 5
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС ҒАЛЫМ!
07
март
2024
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС ҒАЛЫМ!
      2024жылғы 5-6 наурыз күндері өткізілген Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІV Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өз мәресіне жетті. Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз Бақытұлы Талғат пен Қазиұлы Құрманбектің зерттеу жұмысы топ жарып, халықаралық деңгейде КҮМІС МЕДАЛЬ жеңіп алды.  Ғылыми жетекшілері: Сағиолданов Талант, Мухтарова Салима.
“Сәбит Баймолдин оқулары” аудандық байқауында Фархад Сауле II орын иеленді
06
март
2024
“Сәбит Баймолдин оқулары” аудандық байқауында Фархад Сауле II орын
      Сәбит Баймолдиннің шығармаларына арналған “Сәбит Баймолдин оқулары” аудандық байқауының “Жырларымен жылу шашқан жүрекке” бағыты бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 8 “Г” сынып оқушысы Фархад Сауле II орын иеленді.  Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова Сауле.
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының қыздар командасы жеңімпаз атанды
06
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының қыздар
      06.03.24 күні Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының қыздар арасында аудандық іріктеу жарысы өтті.  Жарысқа аудан мектептерінен іріктелген, үздік спортшылар қатысты. Жарыс өте тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша, лицейіміздің қыздар командасы 1-орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жаттықтырушысы: Утешова М.К. Жеңістеріңіз құтты болсын! Қалалық кезеңге сәттілік пен жеңіс тілейміз! 
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының ұлдар командасы жүлдегер атанды
06
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының ұлдар
      06.03.24 күні №178 мамандандырылған лицейде «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарыста аудан бойынша үздік деп танылған спртшылар өзара бақ сынасты. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Нәтижесінде: №178 мамандандырылған лицейдің  ұлдар командасы жүлделі 2-орынды қанжығаларына байлады. Жаттықтырушысы: Әнәпьяев Е.М. Жеңістеріңіз құтты болсын! 
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы қорытындыланды
06
март
2024
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық
      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5-6 наурыз күндері өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы қорытындылады. Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткен іс-шарада лицейдің физика пәні мұғалімдері Курманжан Данияр
Алаш зиялысы, профессор — Санжар Асфендияровтың құрметіне арналған олимпиада
05
март
2024
Алаш зиялысы, профессор — Санжар Асфендияровтың құрметіне арналған
    Санжар 135 жылдық мерейтойына орай "Медицина саласының майталман  маманы — Санжар Асфендияров" тақырыбында химия-биология пәндерінен өткен олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау кеші өтті.  Екі пән бойынша олимпиадаға 9-10 сыныптардан 42 оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады.        Нәтижесінде сынып бойынша екі пәннен 4 топқа бөлініп, 36 оқушы  І, ІІ, ІІІ орындармен мадақтама арқылы марапатталды және арнайы медалдар табыс етілді. Осы іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткені үшін
9”Б” мен 9”А” сыныптарына  “Сүт өнімдері” тақырыбында инфосабақ өткізілді.
05
март
2024
9”Б” мен 9”А” сыныптарына “Сүт өнімдері” тақырыбында инфосабақ
05.03.24 күні  9”Б” мен 9”А” сыныптары қосылып, бірге инфосабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: “Сүт өнімдері”. Инфосабақ өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар жаңа ақпарат біліп, видеоролик тамашалап, бірін-бірімен пікірталас құру арқылы өздеріне керегін алды. Онымен қоса қызықты ойындар ойнап, сергіту сәттері де болды. 9”А” сыныбы мен 9”Б” сыныбы да сабаққа жақсы дайындықпен келген. Дайындаған презенциялары мен видео материалдарын көрсетіп бір-бірімен ақпарат алмасты.