Материалы за 15.03.2024 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көрісу күні – Амал мерекесі
15
март
2024
Көрісу күні – Амал мерекесі
      Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар.        7 "Ғ" және 8 "З" сынып оқушылары мерекеге орай ұстаздар мен оқушыларды салтанатты түрде қарсы алып, мерекелерімен құттықтады. Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! 
Лицейіміздің 8-сынып оқушылары "Alatau Creative Hub" орталығында  "Алғыс айта білейік!" тақырыбында өткен эссе байқауына қатысып, жеңімпаз атанды
15
март
2024
Лицейіміздің 8-сынып оқушылары "Alatau Creative Hub" орталығында
      Лицейіміздің 8-сынып оқушылары "Alatau Creative Hub" орталығында  "Алғыс айта білейік!" тақырыбында өткен эссе байқауына қатысып, жеңімпаз және жүлдегер атанып, орталықтың атынан мадақтама және медалдармен  марапатталды.  Биылғы оқу жылында лицей әкімшілігі аталған орталықпен ынтымақтастық келісімге келудің арқасында көптеген жұмыстарды бірлесіп атқаруда.  Жеңімпаз және жүлдегер оқушылар:  Бас жүлде — Төкен Алуа  І орын — Момынжанова Сая мен Алжанбайқызы Ділдә.  ІІ орын — Сіргебай Еңлік
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
15
март
2024
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
      15 наурыз - қайырымдылық күні. Әрі мейірімділікті, татулықты насихаттайтын игі күн. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.  Осы орайда, Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 178 мамандандырылған лицей оқушылары "Жақсылық жасап жарысайық" қамқорлық акциясы аясында "Шаңырақ" ӘҚК орталығына барып қайтты. Іс-шара барысында лицей оқушылары қарттарға тәттілерін ұсынып, өзара көмек пен