Материалы за 19.03.2024 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды
19
март
2024
«Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды
      Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы «Наурызнама» онкүндігі жалғасын тауып,  «Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында №178 мамандандырылған лицейдің 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге тамаша табиғат бейнеленген суреттері мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. 
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
19
март
2024
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
     Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Осы орайда, Наурызнама онкүндігіне сай Алматы қаласы, Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейдің 8 ”И” сынып оқушылары "Жақсылық жасап жарысайық" қамқорлық акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Іс-шара барысында лицей оқушылары өзара көмек пен қайырымдылықтың мерекесінде Наурыз мейрамымен де құттықтады. 
«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
19
март
2024
«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
     Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Б" сынып оқушыларымен Наурызнама аясында «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.        Мақсаты - Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу қарсаңында оқушыларға қазақ халқының ұлттық мерекесі «Наурыз мейрамы» жайлы түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту, оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Ханасилова С.