Оқушыларға » Страница 73 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды
17
январь
2020
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен
   Лицейіміздің мұғалімдері Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» сайысына қатысып,  жүлделі орындарға ие болды.    Биология пәнінің мұғалімі Айдарова Айдана І дәрежелі дипломмен,  физика пәнінің мұғалімі Жумағулова Сағила және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кутумов Берік ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.    Марапаттарыңыз құтты  болсын, құрметті де, қадірлі ұстаздар!
Қаңтар айындағы ҰБТ өткізу тәртібі
15
январь
2020
Қаңтар айындағы ҰБТ өткізу тәртібі
№178 лицейдің 11-сынып оқушыларымен қаңтар айындағы өткізілетін ҰБТ өткізілу тәртібімен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.  2020 жылдың қ аңтар айындағы ҰБТ-ке лицейдің 234 оқушысы өтініш беріп отыр.  Төмендегі тыйым салынған заттардың біреуін тестілеу өтетін ғимаратқа заңсыз өткізуге әрекет жасағанда,  ҰБТ-ға жіберілмейтіні, актімен алып тастайтындығы туралы алдын ала ескертілді. ҰБТ өткізілетін ғимаратқа кіргізбейтін заттар:  - ұялы байланыс  (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (iPad),
«Өмірге қауіп төндіретін жағдайларға алғашқы көмек"
15
январь
2020
«Өмірге қауіп төндіретін жағдайларға алғашқы көмек"
    2020 жылғы 15 қаңтарда сағат лицей оқушыларының қатысуымен 11.00-де Алматыдағы ЦМК қызметкерлерінің қатысуымен «Өмірге қауіп төндіретін жағдайларға алғашқы көмек (1-бөлім)» тақырыбында интерактивті сабақ өтті.
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері.
13
январь
2020
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт
   13.01.2020ж. күні №178 лицейдің 7-8 сынып оқушыларына "Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері" тақырыбында OnLine сабақ өткізілді.
«Ел жастары» клубының күндізгі ауысымында оқитын оқушылары арасында кезекті жиналыс өткізілді
08
январь
2020
«Ел жастары» клубының күндізгі ауысымында оқитын оқушылары арасында
   Күндізгі ауысым оқушыларымен өткен жиналыстың басты мақсаты алдағы уақытта 6-8 сынып арасындағы  оқушылардың тәртіптерін қадағалайтын инспекторлар мен сұлтандарға және қыз жібек ұйымының төрайымдарына жаңа тапсырмалар берілді.     Сондай-ақ жаңа тоқсанда Алатау ауданында өтетін сайыстарда лицей намысын абыроймен қорғайтын оқушыларды іріктеді.     ІІІ тоқсанда лицей намысын қорғайтын 7-8 сынып оқушыларына,  І және ІІ тоқсандарда 9-10 сынып көрсеткен үздік нәтижелердің жалғасын табады деп
Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!
06
январь
2020
Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!
Құрметті ұстаздар және оқушылар!  Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!  Жаңа жылда жарқын болашақпен  жетістіктерге жетіп, білім мен ғылым, өнер мен спорт саласында жолдарыңыз болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!  Шәкірттеріңіз сенімдеріңізді ақтап, ұстаздар қауымының абыройы арта берсін!  Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жаңа жылымыз жақсы бастамалар мен игі істерге толы болсын!  Жыл құтты болсын!  Құрметпен, №178 лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы
"Әр бала - Дара бала"
30
декабрь
2019
"Әр бала - Дара бала"
   №178 лицейдің 8 "З" сынып оқушысы Рахмедия Нұрай "Әр бала - Дара бала" атты І Республикалық күй сайысында қол жеткізген жетістіктері мен күй-мұрасын насихаттауға қосып жүрген үлесі үшін Бас жүлдемен марапатталды. Күй сайысы "Рухани жаңғыру", "Мәңгілік ел" бағдарламасы аясында рухани байлығымыз күй өнерін дәріптеп жастардың бойына сіңіру мақсатында өткізілген.
«Ел жастары» клубының оқушылары лицей директорының алғыс хатымен марапатталды
25
декабрь
2019
«Ел жастары» клубының оқушылары лицей директорының алғыс хатымен
   №178 лицей жанынан құрылған «Ел жастары»  клубының оқушылары лицей директорының алғыс хатымен марапатталды.  Алғыс хатты лицей директоры өзі табыстады.     Лицейдің қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде ат салысып, аудан көлемінде лицей намысын  қорғап, үлгілі тәртібі мен өте жақсы білімі үшін, белсенді де, білімді 62 оқушы директордың алғыс хатын алу құрметіне ие болды.     Екі тоқсан бойы барлық шараларда белсенділік танытқаны үшін, оқушыларымызға өз алғыстарымызды білдіреміз!
Лицейіміздің оқушысы Киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен ІІ орын жеңіп алды
24
декабрь
2019
Лицейіміздің оқушысы Киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен ІІ орын
Киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен ІІ орын жеңіп алған Жумаханова Ажар, лицей директорының қабылдауында болды.  Оқушымызға спорт жолында сәттілік пен жеңіс тілейміз.