Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының қабылдауында болды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының қабылдауында болды
27
ноябрь
2019

Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының қабылдауында болды

     Алатау ауданында «Біздің азаматтық позиция» тақырыбында өткен сайыстың ІІІ орын иегерлері мен «Туға қарап, бой түзе!» атты аудандық сайыста І орын жеңіп алған «Ел Жастары» клубының оқушылары лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлының қабылдауында болды.
     «Құрметті, біздің оқушылар! «Ел Жастары» клубының белсенділері!
   Сіздер қандай сайысқа қатыссаңыздар да, лицей намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанып, жүлделі орындардың қатарынан көрінесіздер. Өз білімдеріңіз бен белсенділіктеріңізді арттырып, берілген тапсырманы, жұмыстарыңызды ойдағыдай атқара аласыздар. Биылғы оқу жылында ауданаралық сайыстарда 1 – Бас жүлде, 3 – І орын, 1 – ІІІ орын еншілеп, лицей мәртебесін көтере білдіңіздер.
    Айтулы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге өмірде сәттілік, оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді болыңыздар деп жылы лебізімді білдіремін. «Ел Жастары» клубының құрамынан елдің ертеңіне айналатын үздік оқушылар шыға берсін».
     Құрметпен, №178 лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: