Талпынған жетер мұратқа ... » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2019

Талпынған жетер мұратқа ...

    2019 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында қала әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мен конкурстар бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті.
    Кездесу барысында әкім Бақытжан Сағынтаев қаламыздың дарынды жастарына үнемі қолдау көрсететінін айта келе, оқуда, еңбекте шығармашылық табыс тілеп, Отанына адал қызмет етуді тапсырды. «Сендердің қазіргі таңдағы жетістіктерің еліміздің болашақта табысты дамуының кепілі болмақ», - деді.   Әкім өздерінің жеңістерімен Алматы қаласының білім деңгейін жоғары көтеріп, дәлелдеген дарынды балаларды тәрбиелеп, білім берген ата-аналар мен педагогикалық ұжымға өзінің ризашылығын білдірді.
    Оқушылар Алматы қаласында дарынды балаларға қолдау көрсету бойынша Елбасы «Ел үміті» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының бастамасын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар жасалынып жатқандығына шын жүректен ризашылықтарын білдірді. 
    Сонымен қатар оқушылар дарынды балалармен атқарылатын жұмыстардың мазмұнын жақсарту бойынша өз ойларын да ортаға  салды.
    №178 лицейдің 11-сынып оқушысы Молдабаева Саяжан төсбелгінің эскизін оқушылар әзірлеуін ұсынса, осы лицейдің оқушысы Фазылова Аружан оқу жылының соңында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қала әкімінің арнайы марапаттауын ұсынды.  
Кездесу соңында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев  білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мен конкурстар бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына құнды сыйлық - планшет тапсырды. Әкім сөзінің соңында әкімшіліктің жоспарында балалардың барлық ұсыныстары ескерілетінін айта келе: «Біз сендермен мақтанамыз! Сендердің жетістіктерің – қаламыздың жетістігі!», - деп аяқтады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: