Республикалық олимпиада » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2019

Республикалық олимпиада

Ақтөбе облысы әкімінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) Ақтөбе қаласында 2019 жылғы 15-20 наурыз аралығында өтті.
  Олимпиаданың негізгі мақсаты – шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру. Республикалық олимпиада еліміздің болашағы сенім артатын мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған.
Олимпиадаға "Информатика" пәні бойынша №178 лицейдің 10 "Ә" сынып оқушысы Солдатбай Әли қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: