11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары
27
ноябрь
2019

11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары

     №178 лицейде апта сайын 11-сынып оқушыларының  қорытынды аттестаттауға дайындық  жұмыстары жүргізіліп отырады.
   Мақсаты: Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау.  11-сынып оқушыларының алдын-ала қорытынды аттесттаттауға дайындық тест нәтижелерін талдап көрсету.
   Негіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің Типтік ережесі» 2016 жылғы Жобасы, мектепішілік бақылау.
   Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
    Мектепте оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындықты ұйымдастыру үшін оқу жылының басында арнайы жоспар құрылып, істелетін іс–шаралар белгіленді. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты болғандықтан, әр пән мұғалімі өзінің жоспарын құрып, дайындыққа бағытталған әдістер мен тиімді технологияларды таңдайды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: