Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тратлионнан өткен қалалық біріншілікте Темірхан Диляра жүлдеген атанды.
11
март
2022
Тратлионнан өткен қалалық біріншілікте Темірхан Диляра жүлдеген
       Лицейіміздің талантты оқушысы Темірхали Диляра тратлионнан өткен қалалық біріншілікте ІІІ орын жеңіп алды. Оқушымызды кезекті жүлдесімен құттықтаймыз!
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Қозғалмалы және ұлттық ойындар" тақырыбында аудан мектеп мұғалімдерінің қатысуымен эстафеталық жарыс өткізді.
11
март
2022
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Қозғалмалы және ұлттық ойындар"
       Наурыз айының 11 жұлдызында №185 жалпы білім беретін мектебінің "Дене шынықтыру әдістемесі мен мәдениеті" бірлестігінің "Салауатты өмір-нұрлы болашақ" онкүндік жоспары бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Қозғалмалы және ұлттық ойындар" тақырыбында аудан мектеп мұғалімдерінің қатысуымен эстафеталық жарыс өткізді. Аталмыш жарыста №178 мамандандырылған лицей мұғалімдері II орынға ие болды. Жеңісті күндеріміз көп болғай, Құттықтаймыз!
"Өнерлі елдің оты сөнбес" атты шығармашылық концерт өткізілді.
10
март
2022
"Өнерлі елдің оты сөнбес" атты шығармашылық концерт өткізілді.
 «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігі аясында лицейде музыка пәнінің мұғалімі Г. Асанова мен би үйірмесінің жетекшісі Л. Тургумбаеваның ұйымдастыруымен "Өнерлі елдің оты сөнбес" атты шығармашылық концерт өтті.  Шығармашылық концертте  оқушылар әуезді әнімен,  мың бұрала  биімен көрермендер ықыласына бөленіп, өз өнерлерін паш етті.  Концерт барысында барша аналарды, ұстаздарды мерекесімен құттықтады. Концерт жоғары деңгейде өтті.
ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді.
10
март
2022
ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді.
🎯 БЕКСҰЛТАН "ЖІБЕК ЖОЛЫ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ ✅ 2022 жылғы 8-9 наурызда Алматы қаласында математикадан ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай, Тәжікстан және т.б. елдердің жас математиктері күрделі де қызықты тапсырмаларды орындап, өзара бақ сынасты. 🏆 Олимпиада нәтижесі бойынша, №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Құрманбек Бексұлтан 🥉ҚОЛА МЕДАЛЬ
«Дос болайық бәріміз» тақырыбында  психологиялық тренинг өткізілді.
10
март
2022
«Дос болайық бәріміз» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
      №178 мамандандырылған лицейде 7-сынып оқушыларымен «Дос болайық бәріміз» тақырыбында лицей психологтары Агажанова Жанна, Жамалова Гаухар психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты: оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
“Ана - гүл, ана - өмір шуағы” атты мерекелік концерт өткізілді.
09
март
2022
“Ана - гүл, ана - өмір шуағы” атты мерекелік концерт өткізілді.
    Сабыр мен төзімнен жаралған, әрбір шаңыраққа нәр берген, бар қиындықты төзіммен көтере білген, әр әулеттің абыройын асқақтатқан, ағайынның ынтымағын арттырған, өмірге ұлды да, қызды да әкелген, отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын, шаңырақты шайқалтпай, терезесін тең, керегесін кең ұстап отырған аяулы да ардақты алтын құрсақты АНАЛАР мерекесі қарсаңында 7 наурыз күні N178 мамандандырылған лицейде “Ана - гүл, ана - өмір шуағы” атты ұстаз-аналар, ардақты ұстаз әйелдерге
«Қуана, шаттана білейік» тақырыбында мұғалімдер арасында психологиялық тренинг өткізілді.
07
март
2022
«Қуана, шаттана білейік» тақырыбында мұғалімдер арасында
     №178 мамандандырылған лицейдің психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова «Қуана, шаттана білейік» тақырыбында мұғалімдер арасында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылту, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Алматы қаласының үздік математиктері анықталды.
05
март
2022
Алматы қаласының үздік математиктері анықталды.
        АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАТЕМАТИКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ 2022 жылдың 4 наурыз күні «Алматы дарыны» орталығында педагогтерге арналған «Математикалық регата» олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.  Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетудегі ұмтылысын арттыру.  Қалалық кезеңге әр ауданнан құрамы төрт адамнан тұратын командалар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:  орын – Медеу ауданы Шоқан Уалиханов атындағы
"Шебер қолдар" қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
04
март
2022
"Шебер қолдар" қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
  №178 мамандандырылған лицейде "Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының онкүндігіне орай көркем еңбек пәні мұғалімдері "Шебер қолдар" атты қолөнер көрмесін ұйымдастырып өткізді.   Мақсаты: оқушыларға халық мұрасын ұлық­тап, қайталанбас мәдениетті дәріптеу.
"Шебер инесі де, күймесі де - алтын" тақырыбында  шығармашылық жоба өткізді.
04
март
2022
"Шебер инесі де, күймесі де - алтын" тақырыбында шығармашылық жоба
  №178 мамандандырылған лицейде "Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының онкүндігіне орай көркем еңбек пәні мұғалімдері "Шебер инесі де, күймесі де - алтын" тақырыбында шығармашылық жоба өткізді. Жобада қыздарымыз өз қолдарынан жасалған сән үлгілерінің топтамасын: тоқыма, кесте, құрақ, моншақтан жасалған жұмыстарын және аспаздық өнерлерін көрсетті. Ұлдар электр қолқұралдары мен токарьлық ағаш жону білдегінде және қамшы өру, домбыра жасау жолдарының