04
март
2022
"Шебер инесі де, күймесі де - алтын" тақырыбында шығармашылық жоба өткізді.
№178 мамандандырылған лицейде "Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының онкүндігіне орай көркем еңбек пәні мұғалімдері "Шебер инесі де, күймесі де - алтын" тақырыбында шығармашылық жоба өткізді. Жобада қыздарымыз өз қолдарынан жасалған сән үлгілерінің топтамасын: тоқыма, кесте, құрақ, моншақтан жасалған жұмыстарын және аспаздық өнерлерін көрсетті. Ұлдар электр қолқұралдары мен токарьлық ағаш жону білдегінде және қамшы өру, домбыра жасау жолдарының технологиясын көрсетті.



