09
март
2022
“Ана - гүл, ана - өмір шуағы” атты мерекелік концерт өткізілді.
Сабыр мен төзімнен жаралған, әрбір шаңыраққа нәр берген, бар қиындықты төзіммен көтере білген, әр әулеттің абыройын асқақтатқан, ағайынның ынтымағын арттырған, өмірге ұлды да, қызды да әкелген, отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын, шаңырақты шайқалтпай, терезесін тең, керегесін кең ұстап отырған аяулы да ардақты алтын құрсақты АНАЛАР мерекесі қарсаңында 7 наурыз күні N178 мамандандырылған лицейде “Ана - гүл, ана - өмір шуағы” атты ұстаз-аналар, ардақты ұстаз әйелдерге және де сұлу да сымбатты аруларымызға арналған мерекелік концерт өткізілді. Мақсаты: құрметке лайық әрбір ұстаз аналарымызды, қыздарымызды мерекелерімен құттықтап, шаттық көңіл-күй сыйлап, марапаттау.