Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыты бойынша олимипиада өтті.
08
апрель
2022
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыты бойынша информатика пәнінен 10 сынып оқушылары Сағынбек Н., Сабырғали А., Нұрмұхамбет С. және 11 сынып оқушысы Даутбек А. 2-орынды жеңіп алды. Білімді ізденімпаздарымыздың жеңісі құтты болсын! Жас дарын иелерінің алар асулары биік болсын деп тілейміз!
"Сұңғыла сөз" қалалық пікірсайыс турнирінде "Үздік креатив" номинациясы бойынша лицейдің дебат қозғалысының координаторы Рапилова Эльмира (Алаш фракциясы) грамотамен марапатталды.
07
апрель
2022
"Сұңғыла сөз" қалалық пікірсайыс турнирінде "Үздік креатив"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне орай дебат қозғалысы үйлестірушілері мен жетекшілері арасында өткен "Сұңғыла сөз" қалалық пікірсайыс турнирінде "Үздік креатив" номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің дебат қозғалысының координаторы Рапилова Эльмира (Алаш фракциясы) грамотамен марапатталды. Құттықтаймыз!
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар KAZATISO Академиясының менеджмент өкілдері кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді.
06
апрель
2022
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар KAZATISO Академиясының
  №178 мамандандырылған лицейде Алматы темір жол көлігі колледжі өкілдері 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Оқу бағдарламаларындағы бейінді пәндерімен таныстырып, түсіндіріп өтті. 11-сыныптан кейін қашықтықтан оқып 1,5 жыл жұмыс істеп жүріп, диплом алуға мүмкіндіктер қарастырылғандығы туралы және 11-сыныптан кейін колледж серіктестіктерінен Грант ұтып алуға болатындығы туралы ақпарат берілді.
"Кітап оқып, тұлға болам" тақырыбында іс-шара өткізілді.
06
апрель
2022
"Кітап оқып, тұлға болам" тақырыбында іс-шара өткізілді.
 Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. №178 мамандандырылған лицейде кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар" жобасы аясында "Кітап оқып, тұлға болам" тақырыбында іс-шара өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында пікір сайыс  өткізілді.
05
апрель
2022
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында пікір сайыс өткізілді.
    №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 9-сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында пікір сайыс өткізді. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының негізгі мақсат міндеттерімен таныстырып, құқықтық сауаттылығын арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, патриоттық тәрбиеге баулу.
«Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізілді.
05
апрель
2022
«Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмысын
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен жас полиция көмекшілері 5-8 сынып оқушыларына «Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу.
5-8 сынып окушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу–басты міндет" тақырыбында ұлдар жиналысын өткізілді.
04
апрель
2022
5-8 сынып окушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу–басты міндет"
N178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 5-8 сынып окушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу–басты міндет" тақырыбында ұлдар жиналысын өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.  
Лицей оқушылары PISA-2022 халықаралық зерттеу жобасына қатысты.
04
апрель
2022
Лицей оқушылары PISA-2022 халықаралық зерттеу жобасына қатысты.
📚 2022 жылдың 4-сәуірінен бастап әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалау бойынша маңызды PISA халықаралық зерттеу басталды. Зерттеудің бұл түрі оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтауға бағытталған. 📝 Биылғы зерттеуге №178 мамандандырылған лицейдің 42 оқушысы қатысты. Зерттеу негізінде оқушылар оқу сауаттылығы, математика сауаттылығы, жаратылыстану-ғылыми
Лицей Президенті жаңадан ашылған ♻️@ecoclub178 ұйымы бастаған акцияға қолдау көрсетті.
02
апрель
2022
Лицей Президенті жаңадан ашылған ♻️@ecoclub178 ұйымы бастаған акцияға
      ✅ Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан лицейімізде жаңадан ашылған ♻️@ecoclub178 ұйымы бастаған акцияға қолдау көрсетті. Өткізілген әрбір іс-шарадан кейін оқушыларды қалған қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастамай, оны қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында қоқыстарды сұрыптау арқылы арнайы жеке қораптарға салуға шақырды. Осындай жобаны қолға алған ♻️@ecoclub178 ұйымына өз алғысымызды білдіреміз!
"Сенімділік кілті" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді.
02
апрель
2022
"Сенімділік кілті" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді.
   №178 мамандандырылған лицей психологтары Ж. Агажанова мен Г. Жамалова оқушылардың функционалдық сауаттылыққа дайындау мақсатында "Сенімділік кілті" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг барысында "Менімен бірге қайтала", "Оның есесіне мен..." т.б жаттығулар жүргізілді. Тренинг мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыру.