Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Чемпионмен жаттығу және Қамшыбектің бокстан шеберлік сағаты өтті
13
август
2022
Чемпионмен жаттығу және Қамшыбектің бокстан шеберлік сағаты өтті
  Лицейіміздің былғары қолғап шеберлері, спортты серік еткен оқушыларымыз "BRONX" бокс залында бокстан 2 дүркін Әлем және 3 дүркін Азия біріншіліктерінің күміс жүлдегері, "Токио-2020" олимпиадасының қола жүлдегері, әскерилер арасында Әлем чемпионы Қамшыбек Қоңқабаевтың шеберлік сағатына қатысып, өз шеберліктерін шындады. Сондай-ақ чемпионымыз Ермекұлы Дияр мен Бейсенбек Ерсайынға өзінің былғары қолғаптарын естелікке берді. Оқушыларымызға қолдау көрсетіп, арнайы уақыт бөлгені үшін чемпионға
«Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбында республикалық тамыз кеңесі өтті
12
август
2022
«Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер,
Қаскелең қаласында С. Демирель атындағы университетте «Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбында өткен республикалық тамыз кеңесіне N178 мамандандырылған лицей педагогтері қатысты. 🟧 Тамыз педкеңесіне әр аймақтың мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасарлары және психологтары қатысып, тәжірибе алмасты. 🟩 Кеңеске спикер ретінде халықаралық және республикалық деңгейдегі
«Құндылыққа бағытталған жаратылыстану-математикалық білім беру» тақырыбында панельдік секция өтті.
11
август
2022
«Құндылыққа бағытталған жаратылыстану-математикалық білім беру»
   10 тамыз күні Тамыз конференциясы аясында «Құндылыққа бағытталған жаратылыстану-математикалық білім беру» тақырыбында панельдік секция өтті. Конференцияға лицейіміздің математика пәнінің мұғалімдері онлайн режимде қатысып, биылғы оқу жылындағы маңызды ақпараттармен танысты.
Абай күніне арналған «Білімдіден шыққан сөз...» атты мерекелік іс-шарасына белсене атсалысты
10
август
2022
Абай күніне арналған «Білімдіден шыққан сөз...» атты мерекелік
   2022 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Абай күніне арналған «Білімдіден шыққан сөз...» атты мерекелік іс-шарасына белсене атсалысқаны үшін N178 мамандандырылған лицейдің 7 “Ә” сынып оқушысы Баяш Аяла мен жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рапилова Эльмира ҚР Ұлттық кітапханасы директорының алғыс хатымен марапатталды.
“Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру ” тақырыбында онлайн форматта тамыз маслихаты өтті
09
август
2022
“Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру ”
Ы.Алтынсарин академиясы ұйымдастырған “Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру (қазақ тілі. Қазақ әдебиеті. Шет тілдері. Орыс тілі мен әдебиеті)” тақырыбында онлайн форматта тамыз маслихаты өтті. Құндылық тақырыбы қай уақытта да өзекті болған, бола да бермек. Ол бала тәрбиесінде жақсы мен жаманды ажырата алатын жастан басталу керек. Құндылықтарға сабақта арнайы тоқтаудың қажеті жоқ, ол үнемі кезкелген сабақтың өн бойында көрініп тұруы керек деген тұжырым жасалды.
Лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Жалғасбек Ару арнайы жүлде мен бағалы сертификатқа ие болды
08
август
2022
Лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Жалғасбек Ару арнайы жүлде
   ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған "Балалар жылы" аясында өтіп жатқан республикалық байқауға лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Жалғасбек Ару ақын Олжас Қасымның "Ту деген не?" атты өлеңін оқып, арнайы жүлдеге ие болып, орталықтың атынан 10 000 теңге көлемінде арнайы бағалы сертификатқа ие болды. Құтты болсын! Лицейіміздің талантты, алғыр оқушылары көп болсын!
Лицей мұғалімдерін "ALMATY USTAZY" байқауына шақырамыз!
03
август
2022
Лицей мұғалімдерін "ALMATY USTAZY" байқауына шақырамыз!
    2022 жылдың 1-10 тамыз аралығында 36 жасқа дейінгі дарынды және шығармашыл жас мұғалімдерді іріктеу мақсатында «АLMATY USTAZY» байқауы өтеді. Өтінімдер almatyustazy.kz порталында қабылданады. Байқау кезеңдері: 1 кезең – «Менің оқыту философиям»; 2 кезең – «Кәсіби ұстаз»; 3 кезең – «Көшбасшы ұстаз». Байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпазға Финляндияда тағылымдамадан өту сертификаттары беріледі. Лицейдің барша мұғалімдерін «АLMATY USTAZY» байқауына қатысуға шақырамыз!!!
«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
01
август
2022
«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол»
✅ Алматы қаласы Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды. ✅ Акция 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді. ✅ Акцияның мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға,
Педагогтердің бос лауазымына (орыс тілі мен әдебиеті) тағайындау конкурсын жариялау
01
август
2022
Педагогтердің бос лауазымына (орыс тілі мен әдебиеті) тағайындау
Алматы қаласы Білім басқармасы «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің бос орнына конкурс жариялайды Конкурс жарияланған лауазым атауы: Алматы қаласы Білім басқармасы «178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бос орны Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Алматы қаласы Алатау ауданы Суаткөл көшесі 41 Байланыс телефоны: +7 (727) 392-54-42 Электрондық мекенжай: licei_178_
Республикалық "Мобильді көзқарас: жаздың бір күні» челленджіне лицей оқушылары қатысуда.
30
июль
2022
Республикалық "Мобильді көзқарас: жаздың бір күні» челленджіне лицей
ҚР БҒМ РҚББОӘО жазғы кезеңде балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту мақсатында 2022 жылғы 1 маусым - 31 тамыз аралығында «Мобильді көзқарас: жаздың бір күні» Республикалық челленджіне N178 мамандандырылған лицей оқушылары қатысуда. [media=https://youtube.com/shorts/-lFLqDwHZRs?feature=share]