Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың лицейішілік іріктеу кезеңі өтті.
17
ноябрь
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың лицейішілік іріктеу
   2022 жылғы 17 қараша күні 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылар арасында физика пәнінен лицейішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу нәтижесі бойынша 6 оқушы (9 сынып - 2, 10 сынып - 2, 11 сынып - 2) аудандық кезеңге жолдама алады. №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын пәндік олимпиададан дарынды шәкірттеріміз жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Биылғы білім додасынан да талантты жастарымызға сәттілік тілейміз!
Лицей ұжымына «Террористік акт қауіпі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
17
ноябрь
2022
Лицей ұжымына «Террористік акт қауіпі кезінде жеке қауіпсіздікті
№178 мамандандырылған лицейде АӘТД пәнінің мұғалімі Б.А.Курмансейітов лицей ұжымына «Террористік акт қауіпі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.  
Жас ғалымдарымыз қалалық ғылыми жоба сайысынан топ жарды!
16
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз қалалық ғылыми жоба сайысынан топ жарды!
  Жалпы білім беретін пәндерден 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің нәтижесі бойынша №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері өте жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы саны 23 ғылыми жоба қатысып, 19 жоба жүлделі орын алды. І орын – 4 оқушы, ІІ орын – 9 оқушы, ІІІ орын – 17 оқушы жүлдегер атанып, 4 шәкіртіміз арнайы грамотамен марапатталды. Жас ғалымдарымыз республикалық кезеңге жолдама алу үшін арнайы тестілеуден өтеді. Жетістікке жеткен
Ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында жолдастық кездесу өткізілді.
16
ноябрь
2022
Ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында
Қараша айының 16 күні ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында жолдастық кездесу өткізілді. Кездесу №178 мамандандырылған лицей, №27 гимназия және №1 гимназия оқушылары арасында өтті. Бұл жолдастық кездесуден "Gen-Z-1" тобы жүлделі 1-орынға ие болса, "Gen-Z-2" тобы 2-орынды, ал "De-Teens" тобы 3-орынға ие болды! Құтты болсын!
«Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты кафедра айлығының ашылуы өтті.
15
ноябрь
2022
«Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудағы оқушылардың функционалдық
    2022 жылғы 15 қараша күні «Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығының «Озық ойлар жәрмеңкесі» - «Ярмарка идей» - «Carnival of ideas» салтанатты ашылуы өткізілді. Жауапты мұғалімдер: Каирбаева М., Битимбаева Ж., Алсаева А. өздерінің креативті идеяларын көрсете білді. Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндері мұғалімдері мен оқушыларға айлықтың ойдағыдай өтуіне сәттілік
оқушыларына "Ұлттық валюта күні" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
15
ноябрь
2022
оқушыларына "Ұлттық валюта күні" тақырыбында сынып сағаттары
Кез келген тәуелсіз мемлекет экономикасының темірқазығы төл валютасы екені белгілі. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтеді. Осы атаулы күнге орай лицейімізде 6-11 сынып оқушыларына "Ұлттық валюта күні" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру; Еліміздің
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық слёттің жеңімпазы атандық.
14
ноябрь
2022
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық
Алматы қаласы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім беру мекемелерінің «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында өткен қалалық слётқа қатысып, 1 дәрежелі дипломмен лицейіміздің президенті Есхат Бағжан марапатталды.
Жас ғалымдарымыз ғылыми жобалар конкурсына дайын!
11
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз ғылыми жобалар конкурсына дайын!
2022 жылы 11 қараша күні №178 мамандандырылған лицейде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне тағы да дайындық жасалды. Оқушылардың жазған ғылыми жұмыстарын саралап, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық кезең 12.11.2022ж. күні «Тұран» университетінде өтеді. Барлық қатысушы жас ғалымдарымызға сәттілік тілейміз!
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды.
10
ноябрь
2022
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының
     "Өрлеу "БАҰО" АҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының аймақтық кезеңінде жүлделі ІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатовна, ІІІ орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы иеленді. Ұстаздарымызды жеңісімен  құттықтаймыз!
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» қалалық педагогикалық олимпиадасының жеңімпазы атанды.
09
ноябрь
2022
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» қалалық педагогикалық
  Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған қалалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында лицейіміздің физика пәні мұғалімі Ікрам Дәулетбек Сапақұлы жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Марапатыңыз құтты болсын, Дәулетбек Сапақұлы!