Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті
21
декабрь
2022
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық
2022 жылдың 21 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі №178 мамандандырылған лицейде өтеді. Олимпиадаға Алматы қаласы бойынша жалпы саны 237 оқушы қатысады. Лицейіміздің атынан 9 дарынды шәкіртіміз қатысып, білім додасында өз бақтарын сынайды. Білім шыңына жетуде талаптанған талантты жастарымызға сәттілік тілейміз!
"Білім көзі - кітапта" аудандық байқауында 9 "В" сынып оқушысы Оспанова Адия І дәрежелі диплом иегері атанды.
21
декабрь
2022
"Білім көзі - кітапта" аудандық байқауында 9 "В" сынып оқушысы
      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған "Білім көзі - кітапта" аудандық байқауына қатысып, 9 "В" сынып оқушысы Оспанова Адия үздік оқырман, І дәрежелі диплом иегері атанды. Атаулы жобаның мақсаты: «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру кітап оқу мәдениетіне тәрбиелей отырып, өз бетінше оқуға дағдыландыру және бәсекеге қабілетті
Лицей директоры Шадиев Қ.Х. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
20
декабрь
2022
Лицей директоры Шадиев Қ.Х. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
     Тәуелсіздік күні қарсаңында №178 мамандандырылған лицей директоры, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагог-шебер Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Халықтың кемел келешегі үшін атқарып жатқан еңбегіңіз жемісті болсын! Құттықтаймыз!!!   
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» атты семинар-практикум өтті.
19
декабрь
2022
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға ҚББЖТҒӘО оқу бөлімі ағылшын тілі пәні әдіскері Петрова Л. Б., АҚШ Мемлекеттік департаментінен келген ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ричмонд Марисоль қатысты. Семинардың бірінші бөлімінде сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, кері байланысты жүргізуді тәжірибеде көрсету үшін, лицейдің пән мұғалімдері арнайы сабақтар көрсетті. Ал семинардың екінші бөлімінде
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауда белсенділік танытқан лицей мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды.
19
декабрь
2022
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауда белсенділік танытқан лицей
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаны үшін лицей мұғалімдері Б.Н.Кутумов, Ж.З.Абуова және Н.Е.Досқожаева Алғыс хатпен марапатталды.
Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
15
декабрь
2022
Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"
Мамандандырылған лицейде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Шара барысында отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің тәуелсіздік жолындағы ерліктеріне тағзым етіліп, бейбіт те еркін елдің ұрпақтары патриоттық әндер шырқады. Оқушыларды отансүйгіштікке, ерлік пен қайсарлыққа тәрбиелеуде маңызы зор іс-шара болды.
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
14
декабрь
2022
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Лицей кітапханасында тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай 7 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ елінің сан ғасырлар бойғы қанымен, жанымен келген азаттық таңын алу жолындағы бабалар ерлігін дәріптеу, ұлт тәуелсіздігінің қалай келгенін ұрпақ жадына ұялату; білім алушы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтына еңбек етуге тәрбиелеу. Тәуелсіздік күніне орай өткізілген бұл іс-шара өз дәрежесінде етті.
"Тұғыры биік Тәуелсіздік" такырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
14
декабрь
2022
"Тұғыры биік Тәуелсіздік" такырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында N178 мамандандырылған лицейде "Тұғыры биік Тәуелсіздік" такырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
13
декабрь
2022
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында сынып сағаттары
№178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту.
"Almaty Debate Contest" дебаттық жарыста "Say cheese" және "Concretely Concrete" топтары жүлделі орындарға  ие болды.
13
декабрь
2022
"Almaty Debate Contest" дебаттық жарыста "Say cheese" және
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен №178 мамандандырылған лицейде өткізілген қалалық орта мектептері арасында өткен "Almaty Debate Contest" дебаттық жарыста "Say cheese" және "Concretely Concrete" топтары жүлделі 2 және 3 орындарға ие болды.  Жетекшілері: Досқожаева Нұргүл және Ауелбекова Айнұр.