Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» такырыбында  пікір-талас өткізілді.
20
январь
2023
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» такырыбында пікір-талас өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 9-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» такырыбында пікір-талас өткізді.
Лицейде "Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика айлығының ашылуы өтті.
19
январь
2023
Лицейде "Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика
Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту және ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы оқушылардың шеберлігін жетілдіру мақсатында 2023 жылдың 18 қаңтарында №178 мамандандырылған лицейде "Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика айлығының ашылуы өтті. Айлық барысында пән мұғалімдері оқыту мен оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ашық сабақтар мен сыныптан тыс
"Өмір - маған берілген үлкен сый ” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
19
январь
2023
"Өмір - маған берілген үлкен сый ” тақырыбында семинар-тренинг
№29 қалалық емхана психологтары Елгезек М. мен Алемова А.Т. №178 мамандандырылған лицейдің оқушыларымен суицидтің алдын алуы бойынша “Өмір - маған берілген үлкен сый ” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оқушыларға өмірдің мән-мағынасын дәріптеп, бойларына ерік, жігер, сабырлық сияқты жақсы қасиеттерді дарытуға бағыт берілді.Тренинг барысында стрессті жеңуге ,өзін-өзі бағалауға бағытталған жаттығулар жүргізілді. Оқушылармен кері байланыс орнатылып, қызықты өтті.
9-11 сынып оқушыларына арналған Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өтті.
18
январь
2023
9-11 сынып оқушыларына арналған Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының жоспарына сәйкес Алматы қаласы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі 2023 жылдың 16 қаңтарында өтті. Турнирге Алатау ауданы бойынша қазақ лигасынан 20 команда қатысты. Төрешілердің шешімі бойынша жүзден жүйрік атанып, N178 мамандандырылған лицейдің “Алаш жастары” дебат клубының оқушылары Оқан Асыл мен Бақытбек Ақбота
Лицейде  "Ғасыр әншісі - Роза Бағланова" тақырыбында 6-11 сынып окушыларына сынып сағаттары  өткізілді.
17
январь
2023
Лицейде "Ғасыр әншісі - Роза Бағланова" тақырыбында 6-11 сынып
N178 мамандандырылған лицейде "Ғасыр әншісі - Роза Бағланова" тақырыбында 6-11 сынып окушыларына сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылық тарымен таныстыру.
Алматы қаласында өткен чемпионатда лицейіміздің 10 "Д" сынып оқушысы Нұржан Марғұлан 1 орын алды.
16
январь
2023
Алматы қаласында өткен чемпионатда лицейіміздің 10 "Д" сынып оқушысы
Қазақ күресінен 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында Алматы қаласында өткен чемпионатда лицейіміздің 10 "Д" сынып оқушысы Нұржан Марғұлан 1 орын алып, Семей қаласында болатын Қазақстан Чемпионатына жолдама алды. Құтты болсын!
Лицейде 6-11 сынып оқушыларына "Мақтан тұтар ұлы тұлға" такырыбында  сынып сағаттары өткізілді.
16
январь
2023
Лицейде 6-11 сынып оқушыларына "Мақтан тұтар ұлы тұлға" такырыбында
N178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушыларына "Мақтан тұтар ұлы тұлға" такырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты    лицейде оқу үрдісі қашықтан ZOOM платформасы арқылы жүргізілді.
13
январь
2023
Ауа райының қолайсыздығына байланысты лицейде оқу үрдісі қашықтан
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 12-13 қаңтарда 178 мамандандырылған лицейде оқу үрдісі қашықтан ZOOM платформасы арқылы жүргізілді. Сабақтар лицей әкімшілігі бекіткен кесте бойынша өтілді. Пән мұғалімдері оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылар да сабаққа белсене қатысты.
2-7 сынып оқушыларына арналған XVIІ республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңінде  лицейіміздің жас ғалымдары жоғары жоғары нәтижеге қол жеткізді.
12
январь
2023
2-7 сынып оқушыларына арналған XVIІ республикалық «Зерде» ғылыми
2-7 сынып оқушыларына арналған XVIІ республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің жас ғалымдары жоғары нәтижеге қол жеткізді.  Информатика секциясы–Қайрат Н., Марат І. l орын; Қолданбалы математика секциясы–Бектас А., Әлібек А.ІІ орын; Физика секциясы–Бекенқали Ә., Оразхан Б.  ІІ орын, Асылбай С., Алхабай А. арнайы грамота; Биология секциясы–Еркінбекұлы И., Жұманазар А.ІІ орын; Экология секциясы–Ерсінқызы А., Нұрғазы Б.  ІІІ
Лицейде 6-11 сынып оқушыларына "Дабыл чемоданы" және "Мұздағы қауіпсіздік" тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
11
январь
2023
Лицейде 6-11 сынып оқушыларына "Дабыл чемоданы" және "Мұздағы
N178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушыларына "Дабыл чемоданы" және "Мұздағы қауіпсіздік" тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: төтенше жағдай кезінде яғни жер сілкінісі, су тасқырыны, өрт болған жағдайда дабыл чемоданының қажеттілігі мен оның ішінде қажетті заттарды оқушыларға таныстыру.