Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Alpha academy" білім беру орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сыныптарға арналған халықаралық университеттер көрмесі өтті.
05
декабрь
2022
"Alpha academy" білім беру орталығының ұйымдастыруымен 9-11
   "Alpha academy" білім беру орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сыныптарға арналған халықаралық университеттер көрмесі өтті. Көрмеге Америка, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Қазақстаннан NU, De Montfort University, SDU сияқты университеттер қатысты. Спикерлер кеңестерін беріп, шебер сыныптар өткізді. Атап айтсақ, жоғарғы оқу орындарын қалай таңдау, эссе, мотивациялық хат, ұсыныс хат жазуға, IELTS/TOEFL, тестерін тапсыру, мамандықты дұрыс таңдай білу және қанша балмен түсуге болатыны айтылды.
Физика пәнінің мұғалімі IX Халықаралық шығармашылық конкурсының жүлдегері атанды.
05
декабрь
2022
Физика пәнінің мұғалімі IX Халықаралық шығармашылық конкурсының
  Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - білім сапасының кепілі. Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы - мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары: математика, информатика және физика пәні мұғалімдерін біріктіру және тәжірибе, білім алмасу мақсатында өткен IX Халықаралық шығармашылық конкурсында №178 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші С.А. Жумагулова жүлделі ІІ орын иеленді. Сагила Абдуллаевна
"Елбасы медалі" иегерлері анықталды
02
декабрь
2022
"Елбасы медалі" иегерлері анықталды
«Елбасы медалі» жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама. Қазіргі таңда Еліміздің ең ауқымды проектерінің бірі. «Елбасы медалі» жастардың тек білімінің және табысының символы ғана болмай, өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдаланып, өзінің денсаулығына көбірек көңіл бөліп, кітап оқып, интеллектуалды және шығармашылық тұрғыда дамуына үлкен көмегі тиеді. 2022-2023 оқу жылы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің шәкірттері де «Елбасы медалі» бойынша кезекті
"Will-be going to – Present Continuous" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
01
декабрь
2022
"Will-be going to – Present Continuous" тақырыбында ашық сабақ
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығының аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Нусупалиева Д. 7 "Ж" сыныбында "Will-be going to – Present Continuous" тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақ жаңашылдығымен ерекшеленді: АКТ технологиясы қолданылды, оқушылардың грамматикалық білімдері "ZIP" әдісімен смартфон арқылы тексерілді, "Mentimetr"-мен оқушылар сабаққа кері байланыс жасады.  
"ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты 10 - сыныптар арасында интеллектуалдық сайысы өткізілді.
01
декабрь
2022
"ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты 10 - сыныптар арасында интеллектуалдық
Желтоқсан айының 1- күні қоғамдық - гуманитарлық пәндер айлығы аясында Шегалиева Ляззат, Досқожаева Нұргүл, Тұрлығожаев Алидің ұйымдастыруымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты 10- сыныптар арасында интеллектуалдық сайысы өткізілді. Бұл сайысқа қатысушылар көрермендер арасынан оқушылардың өз таңдаулары бойынша өткізілді. Ойын қызықты, әрі танымдық сұрақтарға толы болды. Сайысқа қатысушылар өте мұқият бола білді. Әділ - қазылардың шешімі бойынша: 10 "Б" сынып оқушысы Серік Аружан жүлделі 1 орынға ие
«Әкеден - өсиет, анадан - қасиет» атты Алатау аудандық ата-аналар форумы өтті.
30
ноябрь
2022
«Әкеден - өсиет, анадан - қасиет» атты Алатау аудандық ата-аналар
2022 жылдың 29 қараша №178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдығына мерейтойына орай, «Сенімен болашақ» РҚБ Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Әкеден - өсиет, анадан - қасиет» атты Алатау аудандық ата-аналар форумы өтті. Форумның мақсаты – әкеге қарап ұлдың, шешеге қарап қыздың өсуімен сабақталып жатқан қазақы тәрбие дәстүрінің өз бағытына түсуіне үлес қосу, заман ағымына сай бейімдеп, жаңғырту, қазақ отбасындағы бәрінен қымбат саналатын
“Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
30
ноябрь
2022
“Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты” тақырыбында ашық сабақ
     Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығының аясында тарих пәнінің мұғалімі Шынасыл Ғалымжан Жораұлы 11 “Е” сыныбымен “Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақ барысында АКТ-ны кеңінен қолданды. Атап айтқанда: Learning apps Worldwall және Mentimetr бағдарламалары қолданылды. Оқушылар сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты тереңірек түсінді. Пән мұғалімі қандас бауырларымыздың тұрмыс тіршілігі, тарихы туралы тың
Жас ғалымдарымыз жарады!
29
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз жарады!
     2022 жылдың жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінен №178 мамандандырылған лицейдің жас ғалымдары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 19 ғылыми жоба, 34 оқушы жүлделі орын алған болатын. 2022 жылдың 25 қараша күні жүлдегерлерді марапаттап, ғылыми жобаның жабылу салтанаты Оқушылар сарайында өтті. «Алматы дарыны» орталығының дипломдары мен бірге «Тұран» университеті мен Қ.И.Сатпаев университетіне оқу гранттары мен пайыздық
Әбдімәжит Қоңырбайұлының отбасы қонаққа келді.
29
ноябрь
2022
Әбдімәжит Қоңырбайұлының отбасы қонаққа келді.
     «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстазымыз, математика пәні мұғалімі Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлының құрметіне арнап Алматы қаласы мамандандырылған білім беру орындары арасында математикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Әбдімәжит Қоңырбайұлының сүйікті жары Шоланбаева Алтыншаш Тілеукенқызы, қызы «BILIM school» мектебінің директоры Айман Әбдімәжитқызы және басқа қонақтар келіп, ашылу салтанатына қатысып, өздерінің алғыстарын білдірді. Келген қонақтар №178 мамандандырылған лицейдің
Ә.Қ. Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті!
29
ноябрь
2022
Ә.Қ. Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті!
     2022 жылдың 28 қараша күні №178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай, «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының қолдауымен Құрмет орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, математика пәні мұғалімі Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлы атындағы математикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға  Алматы қаласының 10 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 37 оқушы өзара білім додасына түсті. Сайыс 2 турға бөлінді: І тур – тесттік тапсырмаларды