Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ғылыми-әдістемелік кеңес «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында өткізілді.
01
ноябрь
2022
Ғылыми-әдістемелік кеңес «Alatau Creative Hub» инновациялық
    Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған Ғылыми-әдістемелік кеңес «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында өткізілді. СДУ «Қоғамдастық және қарым-қатынас» орталығының директоры Р.Омаров мырза инновациялық орталықтың қызметі барысында ақпарат беріп, кеңес жұмысына табыс тіледі. «Дарынды балаға – талантты ұстаз» тақырыбында ұйымдастырылған кеңестің панельдік сессиясына СДУ физика пәнінің мұғалімі, физика бағдарламасының координаторы, физика пәні
Лицейде “Gold Autumn” атты байқау  өткізілді.
31
октябрь
2022
Лицейде “Gold Autumn” атты байқау өткізілді.
      Дастарханы дархан алтын күздің құдіретін жеткізуге тырысқан лицейіміздің “ЖасStar” парламентінің ұйымдастыруымен өткен “Gold Autumn” атты байқауына қатысушылар өздерінің белсенділіктерін танытып, жоғары деңгейде өз өнерлерін көрсетті!✨ Байқау нәтижесінде: 🥇10”Ж” сыныбы, кино мен театрға 2 билеттен жеңіп алды. 🥈 9”Ғ” сыныбы, театрға 2 билет 🥉 9”Е” сыныбы, кітап берілді. Сонымен қатар, әр қатысушыға тәттілер таратылды. Барлық қатысқан қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
"Алаш, сені үндемей-ақ сүйемін!" атты тақырыпта ақын, философ  Мұратхан Шоқанмен кездесу кеші өтті.
28
октябрь
2022
"Алаш, сені үндемей-ақ сүйемін!" атты тақырыпта ақын, философ
    Бүгін №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұрындық болуымен "Алаш, сені үндемей-ақ сүйемін!" атты тақырыпта ақын, философ Мұратхан ШОҚАНМЕН кездесу кеші өтті. Жиынға лицей ұстаздары мен оқушылар қатысты. Кештің мақсаты – Мұратхан Шоқан поэзиясын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру. Шара ақын шығармаларынан өзінше ой түюге және өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға бағытталды. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін, философиялық ойларын жатқа
Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық жүргізілді.
27
октябрь
2022
Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық жүргізілді.
     8-11 сынып арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық ретінде №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері өзара білім додасына түсті. 27.10.2022ж күні Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік бағыты бойынша «Тарих, Өлкетану, Тіл бөлімі» секцияларынан оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Жобаны тексеруге Алатау ауданында әділқазы болып жүрген жоғары білікті мамандар келіп төрешілік етті. Шәкірттеріміз өздерінің жасаған
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
27
октябрь
2022
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
   2022 жылдың 26 қазан күні №178 мамандандырылған лицейде Алатау аудандық жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Конкурсқа оқушылар ІІ бағыт бойынша ғылыми жобаларын қорғады. І бағыт - «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым секцияларынан жалпы саны – 16 оқушы;. ІІ бағыт – «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» бағыты матемтика, қолданбалы
Лицейде «Астанам – мақтанышым!» атты ашық сынып сағаттары өтті.
26
октябрь
2022
Лицейде «Астанам – мақтанышым!» атты ашық сынып сағаттары өтті.
   №178 мамандандырылған лицейде 25 қазан – Республика күні аясында 7 "Ж" сыныбында «Астанам – мақтанышым!» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: білім алушыларды азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Байткенова Баян Бакытовна.
Аудандық "Үздік педагог –2022" конкурсы өткізілді.
22
октябрь
2022
Аудандық "Үздік педагог –2022" конкурсы өткізілді.
 Лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сағиолданов Талант Бақытұлы орта білім беру ұйымдары арасында мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау мен көтермелеу, инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған аудандық "Үздік педагог – 2022" конкурсының І дәрежелі дипломымен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Ұстазымызға сәттілік тілейміз!
Республика күніне орай лицей оқушылары Қазақстан Республикасының гимнін орындады.
22
октябрь
2022
Республика күніне орай лицей оқушылары Қазақстан Республикасының
    Республика күні Ұлттық мерекесіне орай №178 мамандандырылған лицей оқушылары Қазақстан Республикасының гимнін орындады. Мақсаты: оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеу.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында тренинг өткізілді.
22
октябрь
2022
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында тренинг өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов «Адал ұрпақ» ерікті лицей клубының жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу.