Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
11
октябрь
2022
«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейде 1қазан - Қарттар күніне орай 6-11 сынып оқушыларына «Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
«Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
10
октябрь
2022
«Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразалиева Толғанай Әуелханқызы  Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс болды. Оқушылардың белсенділігі өте жақсы. Үнемі сабақта жеке, жұппен, топпен жұмыс жасап төселгендері көрініп тұрды. Мұғалім әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Сабақ кезеңдері бір-бірімен әдемі үйлесіп жатты.
Абай Құнанбайұлының "Масғұт поэмасы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
07
октябрь
2022
Абай Құнанбайұлының "Масғұт поэмасы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
     Лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абдумуталипова Перизат Қосалықызы 10 "З" сыныбына Абай Құнанбайұлының "Масғұт поэмасы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар Масғұт образы арқылы Абай бейнесін аша білді. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланған ұстаз өз мақсатына жете білді.
Лицей кітапханасында «Әлемге әйгілі-Мұхтар Әуезов» тақырыбында оқу марафоны ұйымдастырылды.
06
октябрь
2022
Лицей кітапханасында «Әлемге әйгілі-Мұхтар Әуезов» тақырыбында оқу
     Лицейде заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай жазушы мерейтойы аясында лицей кітапханасында «Әлемге әйгілі-Мұхтар Әуезов» тақырыбында оқу марафоны ұйымдастырылды. Жиналған оқушыларға Мұхтар Әуезовтың әдебиетші, қоғам қайраткері ғана емес, абайтану ғылымының негізін қалап, қалыптастырған зерттеуші екенін айта отырып, қазақ әдебиетінің заңғар шыңында тұрған классиктің шығармашылығымен таныстырып өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі
6-11 сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың  алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді.
05
октябрь
2022
6-11 сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың
     6-11 сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Лицейде 6-11 оқушыларына «Жолда жүру ережесін білеміз бе?», «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
04
октябрь
2022
Лицейде 6-11 оқушыларына «Жолда жүру ережесін білеміз бе?», «Өрт
    Лицейде 6-11 оқушыларына «Жолда жүру ережесін білеміз бе?», «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: окушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.  
«Дәуірдің дара тұлғасы - Мұхтар Әуезов» тақырыбындағы  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы айлығының  ашылу салтанаты өтті.
04
октябрь
2022
«Дәуірдің дара тұлғасы - Мұхтар Әуезов» тақырыбындағы қазақ тілі мен
      2022 жылдың 3 қазан күні №178 мамандандырылған лицейде «Дәуірдің дара тұлғасы - Мұхтар Әуезов» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы айлығының ашылу салтанаты өтті. Айлық қазақтың заңғар жазушысы, Абайтану ғылымының негізін салған, Абайды әлемге танытқан жазушы-академик, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналды. Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты құнды ақпараттар берілді. Оқушылар ән айтып, би билеп, сахналық қойылым
N178 мамандандырылған лицейде ұстаздар күніне орай "Ұстаз - ұлы тұлға" атты концерт өткізілді.
03
октябрь
2022
N178 мамандандырылған лицейде ұстаздар күніне орай "Ұстаз - ұлы
      №178 мамандандырылған лицейде ұстаздар күніне орай "Ұстаз - ұлы тұлға" атты концерт өткізілді. Мерекелік іс шарада оқушылар өз өнерлерін тарту етті. Ұстаздарына деген алғысын бала жүректерімен жеткізе білді.Әнмен,бимен шашу шашып,ыстық лебіздерін ұстаздарға арналған өлеңдер арқылы білдірді. Ұстаздар ерекше көңіл-күймен оқушыларға алғыстарын білдірді.
Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары.
03
октябрь
2022
Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары.
     7-8 сынып оқушыларына "Тим-тичинг" әдісі бойынша сабақ беріп, пән мұғалімдеріне көмектескен өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары. Белсенді оқушыларымызға алғыс айтамыз!