Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
26
сентябрь
2022
«Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дөңгелек үстел
    №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 9-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі мақсат міндеттерімен таныстырып, құқықтық сауаттылығын арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, патриоттық тәрбиеге баулу.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының аудандық кезеңі  өтті
23
сентябрь
2022
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың
     «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының аудандық кезеңі №201 мектеп-гимназияда өтті. №178 мамандандырылған лицейден 4 ғылыми жоба қатысты. 🥇”Автокөлік қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру” номинациясы бойынша Құрман Еркөкше мее Миракбаров Райымбек - 1 орын; 🥇”Құрылыс облысындағы жобалар” номинациясы бойынша Санатұлы Олжас пен Қайрат Нариман - 1 орын; 🥇”Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика
6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
23
сентябрь
2022
6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында
N178 мамандандырылған лицейде 6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: окушыларға М. Әуезовтің өмір жолы шығармашылық қызметі жайлы мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. М.Әуезовтің қаламынан туындаған көркем әдебиет туындылары жайлы білімдерін қалыптастыру.
"Ел жастары" клубының алғашқы жиналысы өткізілді
22
сентябрь
2022
"Ел жастары" клубының алғашқы жиналысы өткізілді
    Құрылғанына үш жылдан астам уақыт болған лицейіміздің жанынан құрылған "Ел жастары" клубының құрамына жаңа оқушылар қосылып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық. Осы уақытқа дейін құрамда ерекше белсенді оқушылар клубқа жаңадан қосылған оқушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ биыл лицейімізге жаңадан келген оқушылармен де танысып, пікір алмасып, лицейдің қоғамдық жұмыстарына ат салысуға шақырды.
Лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары кезекті кафедра отырысында талқыланды.
21
сентябрь
2022
Лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары
 №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары кезекті кафедра отырысында талқыланды .
Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңі өтті.
20
сентябрь
2022
Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық
2022 жылы 19 қыркүйек күні жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Зияткерлік байқауға қатысқан №178 мамандандырылған лицей оқушылары: 1) Сайлаубек Нұрай - «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы, 2-орын; 2) Копжанова Аружан - «Менің туған өлкем» эссе номинациясы, 1-орын; 3) Серікқызы Жанар - «Менің кішкентай Отанымның тарихы» бейне-репортаж номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Дарынды
6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау алынуда
20
сентябрь
2022
6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау
№178 мамандандырылған лицейде жыл сайын оқушылардың білім сапасын анықтау, өткен мәліметтерді жетік меңгеру, қатемен жұмыс жасау қабілеттерін анықтау мақсатында 6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау алынып отырады. 2022-2023 оқу жылы 20-26 қыркүйек күндері кезекті кіріс бақылау өтеді. Білім шыңына жетуге талпынған жас өркендерімізге сәттілік тілейміз!
6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе  жазды.
19
сентябрь
2022
6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе жазды.
Қала күніне орай N178 мамандандырылған лицейдің 6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.
Лицейде «Үздік педагог» конкурсы өтуде
19
сентябрь
2022
Лицейде «Үздік педагог» конкурсы өтуде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 355 бұйрығына сәйкес №178 мамандандырылған лицейде «Үздік педагог» конкурсы өтуде. Лицей мұғалімдеріне «Үздік педагог» атағын беру қағидалары түсіндіріліп,ережесі таныстырылды. Қатысушы мұғалімдер «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының 2-5 қосымшаларына сәйкес министрліктің ақпараттық жүйесіне өздері құжаттарды (материалдарды) жүктеуде. Лицей директоры К.Х.Шадиев конкурстың әрбір кезеңі үлкен еңбекті қажет ететіндігін
“Жеті жұрттың тілін біл” атты аудандық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.
16
сентябрь
2022
“Жеті жұрттың тілін біл” атты аудандық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп
    Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша білім беру ұйымдарының арасында “Жеті жұрттың тілін біл” атты байқаудың І кезеңі өтті. Лицейіміздің 11 сынып оқушысы Кадирова Нұрай жүлделі Бас жүлдені иеленіп, қалалық ІІ кезеңге жолдама алды. Пән мұғалімі: Сатбаева Р.С. Құттықтаймыз! Жеңімпазымызға алдағы байқауда сәттілік тілейміз.