Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
EdCrunch Reload-2022 халықаралық конференциясы «Білім берудегі цифрлық әдістердің мүмкіндіктері» тақырыбында  өрбіді.
27
ноябрь
2022
EdCrunch Reload-2022 халықаралық конференциясы «Білім берудегі
     Жас ұрпақты саналы білім мен сапалы тәрбиеге жетелейтін лицейіміздің заман ағымымен жаңалыққа қадамы жалғасуда. Алматыда өткен EdCrunch Reload-2022 халықаралық конференциясы «Білім берудегі цифрлық әдістердің мүмкіндіктері» тақырыбында өрбіді. Конференцияда тәрбие мен білім берудегі инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздері барысында халықаралық сарапшылар өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, сындарлы кәсіби ой алмасулар мен нақты әрі құнды пікірлер айтылды.
"Кавказский пленник" , "Solving an ecology problem" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді.
27
ноябрь
2022
"Кавказский пленник" , "Solving an ecology problem" тақырыптарында
     Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова С.К. 7"Ғ" сыныбында "Л.Н.Толстой "Кавказский пленник" және ағылшын тілі пәні мұғалімі Сарсенбиева С. 9 "Ғ" сыныбында "Solving an ecology problem" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтардың мақсаттарына жетуі үшін инновациялық идеяларды тиімді оқыту стратегиялары арқылы сабақтарда қолданып, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Сабақтар тартымдылығымен, жаңашылдығымен ерекшеленді.
"Білім көзі - кітапта" үздік оқырман сайысының жеңімпазы атанды.
26
ноябрь
2022
"Білім көзі - кітапта" үздік оқырман сайысының жеңімпазы атанды.
     Алатау ауданы мектептері арасында "Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт" жобасы аясында 8-сыныптар арасында өткен "Білім көзі - кітапта" үздік оқырман сайысында 8Ж-сынып оқушысы Әлібай Амина I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.А. Ауелбекова.
"Білім және мансап - 2022"  көрмесі.
25
ноябрь
2022
"Білім және мансап - 2022" көрмесі.
     №178 мамандандырылған лицей оқушылары Алматы қаласында өткен XXI Қазақстандық Халықаралық "Білім және мансап - 2022" көрмесіне қатысып, көптеген мағлұматтар алды.
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды.
24
ноябрь
2022
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды.
    Адамзат ғасырлар бойы аңсаған аспанды бағындыру жоспарын бүгінгі күні жүзеге асырған бір дүние бар. Ол - авиация жүйесі! Ұшақтар мен тікұшақтар аспан әлемін бағындырып, құпияларын ашты! Әуе кеңістігінің қыр-сырын танып, білу үшін 23.11.2022ж. күні N178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды. Саяхатқа бару мақсаты: аспан әлемін бағындырып жүрген авиация жүйесінің құрылысын, жасалу жолдарымен қатар жұмыс барысымен танысу, функционалдық сауаттылықты
"Geography. A lake or a sea" және "Труд кормит человека" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізілді.
23
ноябрь
2022
"Geography. A lake or a sea" және "Труд кормит человека"
   Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтбағамбетова С. 7"В" сыныбында "Geography. A lake or a sea" және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каирбаева М. 8 "Б" сыныбында "Труд кормит человека" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтарда ақпараттық-коммуникативтік технология, креативті әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды: QR-код арқылы сөздік жұмысы жүргізілді, инфаграфика, видеоинтервью. Сабақтар оқу мақсаттарына жетті.
«Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік сессия өткізілді.
22
ноябрь
2022
«Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік
    Тәрбие ешқандай "үзіліс", "демалыс күндер" дегенді білмейді. «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» демекші, 22.11.2022ж. күні лицейімізде 9-сыныптар ата-аналарының жиналысы өтті.     «Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік сессия ұйымдастырылып, әр сыныптан белсенді ата-ана өз пікірлерімен бөлісіп, бүгінгі бала тәрбиесіндегі тәжірибелердің үздік үлгілерін қалыптастырып, өздерінің үнемі дамып келе жатқан
“Кәсіби бағдар беру”  бойынша тренинг жүргізілді.
21
ноябрь
2022
“Кәсіби бағдар беру” бойынша тренинг жүргізілді.
    Лицейіміздің 11-сынып оқушыларымен мамандық таңдауға байланысты Сүлеймен Демирел Университетінің ұйымдастыруымен “Eduprof” компаниясының директоры Ілияс Садвакасов “Кәсіби бағдар беру” бойынша тренинг жүргізді және психологиялық жаттығулар жасалынды.    
«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
21
ноябрь
2022
«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында жалпы
   Лицейіміздің кезекті жалпы ата-аналар жиналысы «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында жаңа форматта өткізілді. «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында ұйымдастырылған жиналысты лицей директоры Қ.Х. Шадиев ашып берді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 1) "Отбасындағы құндылық пен құралдың орынды іске асырылуы" Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің докторанты, тарихшы маман, оқытушы Сейтказиев Руслан Өмірғазыұлы баяндама жасады; 2) "Жақсы бала -
Мэлс Шерхан - қалалық "Жыл оқушысы-2022" байқауының жүлдегері!
18
ноябрь
2022
Мэлс Шерхан - қалалық "Жыл оқушысы-2022" байқауының жүлдегері!
   2022 жылғы 18 қарашада Республикалық «Жыл оқушысы - 2022» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланды. Осы байқауда №178 мамандандырылған лицейдің 6 сынып оқушысы Мэлс Шерхан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі - Ж.Н. Ахметова. Дарынды шәкіртіміздің жеткен жетістігімен лицейіміздің атынан шын жүректен құттықтаймыз!