Білім – тәжірибемен нығайғанда ғана шынайы құндылыққа айналады!
04.03.2025 ж. биология пәнінің педагог-зерттеуші Бастерова Балхия Айдаркуловна 7 “В” сыныбында “Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі” тақырыбында креативті, интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабақтың басты ерекшелігі – оқушылардың теорияны тек тыңдап қана қоймай, оны практикалық түрде зерттеуі. “Тізе рефлексі” зертханалық жұмысында олар адам ағзасындағы жүйке жүйесінің қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көріп, оны тәжірибе жүзінде орындады. Сабақ