13
март
2025
Ағылшын тіліндегі ағымдағы элективтік курстардың маңыздылығы
2025 жылдың 06 наурызы күні Алматы қаласының Алатау және Әуезов ауданының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері бірлесіп, “Importance of the current elective courses in English” тақырыбында өз авторлық бағдарламаларын қала және облыстық мектеп мұғалімдеріне таныстырып, тәжірибе алмасты.
Білім берудегі заманауи мәселелерді талқылап, білім берудің әртүрлілігіне қол жеткізу және білім беру үдерісін ұйымдастыру мақсатында №178 мамандандандырылған лицейінің ұйымдастыруымен онлайн семинар өтті. Семинар бағдарламасына сай лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері: Досқожаева Н.Е., Нусупалиева Д.К., Ауельбекова А.М. жеке өздерінің ұсынған авторлық бағдарламаларының заманауи білім беру талаптарына толық сәйкес келетіндігімен қатар, оқушылардың зерттеушілік, талдау және практикалық дағдыларын дамытуға, ағылшын тілі пәні бойынша білім алушылардың теориялық білімдерін меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бағдарламалардың ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына көмекші құрал ретінде, ал жас мамандар мен оқушылардың ағылшын тілін тез әрі сауатты игерулеріне көмегі тиеді деген ойларын жеткізді.

