Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім – тәжірибемен нығайғанда ғана шынайы құндылыққа айналады!
05
март
2025

Білім – тәжірибемен нығайғанда ғана шынайы құндылыққа айналады!

04.03.2025 ж. биология пәнінің педагог-зерттеуші Бастерова Балхия Айдаркуловна 7 “В” сыныбында “Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі” тақырыбында креативті, интерактивті ашық сабақ өткізді.
Сабақтың басты ерекшелігі – оқушылардың теорияны тек тыңдап қана қоймай, оны практикалық түрде зерттеуі. “Тізе рефлексі” зертханалық жұмысында олар адам ағзасындағы жүйке жүйесінің қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көріп, оны тәжірибе жүзінде орындады.
Сабақ құрылымы:
Жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы белсенді оқу процесі
Өзін-өзі бағалау әдістерін қолдану
Заманауи платформаларды тиімді пайдалану.
Пән мұғалімдері сабақты жоғары бағалап, оның мақсатына толық жеткенін атап өтті. Осындай заманауи әрі тәжірибеге негізделген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми көзқарасын кеңейтуге зор ықпал етеді!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: