Жетістіктеріміз » Страница 22 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей оқушылары "Балалар жылы" аясында "Алматы BALAFEST"  байқауының марапатталу салтанатына қатысты.
01
июнь
2022
Лицей оқушылары "Балалар жылы" аясында "Алматы BALAFEST" байқауының
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен! Лицейіміздің дарынды әрі талантты оқушылары Жалғасбек Ару мен Бекен Сезім "Балалар жылы" аясында 1 маусым - Халықаралық балаларды Қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Алматы BALAFEST" байқауының марапатталу кешіне қатысты.
Асылбай Жалғас "AQYLDY BALA"  байқауының есеп беру кешіне қатысып, өз өнерін көрсетті.
31
май
2022
Асылбай Жалғас "AQYLDY BALA" байқауының есеп беру кешіне қатысып, өз
№178 мамандандырылған лицейдің 7 "Е" сынып оқушысы Асылбай Жалғас "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өткен "AQYLDY BALA" байқауының есеп беру кешіне қатысты. Ол қазақтың қара домбырасымен өз өнерін көрсетіп, көрермендер ықылысына бөленді.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріне Қазақстан-Британ технологиялық университетінің білім гранты берілді.
28
май
2022
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріне Қазақстан-Британ
2021-2022 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиадада №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері информатика пәнінен Даутбек Адлет, математика пәнінен Құрманбек Бексұлтан, физика пәні бойынша Еламан Арсен, Тұрлыбек Елжас және Бодыған Гауһар жүлделі орындарға ие болды. 11 сыныптың дарынды оқушылары Құрманбек Бексұлтан, Бодыған Гауһар және Даутбек Адлетке еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірі – Қазақстан-Британ
Лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер шеруі өтті.
27
май
2022
Лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер
24 мамыр күні лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер шеруі өтті. Шеруге жыл бойы үздік оқыған 5, 6, 7, 8 және 10 сынып оқушыларын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мақтау қағаздарымен марапаттады.  Оқуда озат болып, білімді, саналы ұрпақтың қатарында болыңыздар, құрметті оқушылар!
Соңғы қоңырау салтанатты жиынында лицейіміздің үздік мұғалімдеріне құрмет көрсетілді.
26
май
2022
Соңғы қоңырау салтанатты жиынында лицейіміздің үздік мұғалімдеріне
25 мамыр күні "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты соңғы қоңырау салтанатты жиынында лицейіміздің мұғалімдеріне де құрмет көрсетілді. 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен соңғы қоңырау кешінде қалалық, республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз және жүлдегер атанған лицей мұғалімдері ортаға шығып, салтанатты жиында лицей әкімшілігі тарапынан құрмет көрсетілді. Алдағы уақытта, келесі жылы лицейіміздің мұғалімдері жоғары биік белестерді бағындырып, кәсіби шеберліктерін
Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан "Alpha Academy" оқу орталығынан бір жылдық тегін оқу курсын ұтып алды.
26
май
2022
Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан "Alpha Academy" оқу орталығынан бір
   №178 мамандандырылған лицей Президенті, 10-сынып оқушысы Мұқаш Ермұхан Алматы қаласы "Alpha Academy" оқу орталығынан 700 000 теңге көлемінде бір жылдық тегін оқу курсын ұтып алды. Жарайсың! Зейінің ашылып, білімің шындалып, биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз!
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлына "Ел жастары" клубының арнайы алғыс хаты табысталды.
25
май
2022
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлына "Ел жастары" клубының
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы "Artline" халықаралық қоғамдық ұйымның және "Ел жастары" клубының арнайы алғыс хатына ие болды. Түркия мемлекетінде Би өнері бойынша өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанған лицейдің талантты оқушысы Раиса Талғатқызына қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқаны үшін және лицейіміздің жанынан құрылған "Ел жастары" клубының белсенді оқушыларына да қолдау көрсеткені үшін клубтың оқушыларының атынан арнайы алғыс хат табыс етілді. Құрметті, Шадиев Қайратбек
Лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Талғатқызы Раиса Түркияның Анталья қаласында Би өнері бойынша халықаралық байқауға қатысып, жеңімпаз ретінде танылып, Гран-при иегері атанды.
24
май
2022
Лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Талғатқызы Раиса Түркияның
Лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Талғатқызы Раиса Түркияның Анталья қаласында Би өнері бойынша халықаралық байқауға қатысып, жеңімпаз ретінде танылып, Гран-при иегері атанды. Жеңімпаз оқушымызға лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы құрмет көрсетті.  
"Ел жастары" клубының белсенді оқушылары лицей директорының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
24
май
2022
"Ел жастары" клубының белсенді оқушылары лицей директорының арнайы
  "Ел жастары" клубының белсенді оқушылары лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды. 2021-2022 жылы оқу жылын да белсенді болып, қоғамдық жұмыстарға қатысып, өз үлестерін қосқаны үшін 5-11 сынып аралығындағы белсенді оқушыларға құрмет көрсетілді. Жыл бойы белсенді болып, лицейіміздің атмосферасын жасауда өз үлестерін қосқаны үшін лицей әкімшілігі атынан белсенді оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз.
ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
23
май
2022
ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов республикалық
2021-2022 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері информатика пәнінен Даутбек Адлет, математика пәні Құрманбек Бексұлтан, физика пәні бойынша Еламан Арсен, Тұрлыбек Елжас және Бодыған Гауһар жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 2022 жылдың 20 мамыр күні Ш. Уалиханов атындағы №12 гимназия ғимаратында өтті. Алматы қаласының