Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлына "Ел жастары" клубының арнайы алғыс хаты табысталды. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлына "Ел жастары" клубының арнайы алғыс хаты табысталды.
25
май
2022

Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлына "Ел жастары" клубының арнайы алғыс хаты табысталды.

Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы "Artline" халықаралық қоғамдық ұйымның және "Ел жастары" клубының арнайы алғыс хатына ие болды.
Түркия мемлекетінде Би өнері бойынша өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанған лицейдің талантты оқушысы Раиса Талғатқызына қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқаны үшін және лицейіміздің жанынан құрылған "Ел жастары" клубының белсенді оқушыларына да қолдау көрсеткені үшін клубтың оқушыларының атынан арнайы алғыс хат табыс етілді.
Құрметті, Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы!
Міне, атқан оқтай, шапқан аттай зымырап өте шыққан 2021-2022 оқу жылында аяқтауға жақынбыз. Осы уақыт аралығында лицейіміздің жанынан құрылған өзін-өзі басқару ұйымына қарасты "Ел жастары" клубының белсенді оқушыларын әрдайым қолдап, қамқорлық танытып, лицей атмосферасын жасауда бізге көп мүмкіндіктер бердіңіз! Белсенді оқушыларымыздың жұмысын ескеріп, елеп жүрсіз. Осы бір тамаша сәтті пайдаланып, Сізге және отбасыңызға амандық тілеп, үлкен ризашылығымызды білдіреміз!
Құрметпен, "Ел жастары" клубының жетекшісі Әбілқайыр Әлімбай және клубтың белсенді оқушылары.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: