Жетістіктеріміз » Страница 26 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша  олимпиада нәтижесі.
01
апрель
2022
9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден
Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ базасында 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша №178 мамандандырылған лицейден 7 пәннен 35 оқушы білім додасына түсті. 2 турдан тұратын пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша 10 оқушымыз жүлделі орынмен оралды. 1-орын - Қазақстан тарихы және өзін-өзі тану пәндері, 2-орын – ағылшын тілі мен өзін-өзі тану пәндері, 3-орын – ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жүлделі орынға ие болды.
Лицейіміздің оқушысы Асылбай Жалғас таэквондодан республикалық турнирде ІІІ орын жеңіп алды.
31
март
2022
Лицейіміздің оқушысы Асылбай Жалғас таэквондодан республикалық
Лицейіміздің оқушысы Асылбай Жалғас Тараз қаласында таэквондо спорт түрі бойынша өткен республикалық турнирде ІІІ орын жеңіп алды. Алар асуың, толағай жетістіктерің көп болсын! Жарайсың, Жалғас!
Лицейіміздің түлектері, бүгінде Suleyman Demirel University студенттері мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған құрылғылар ойлап тапты.
30
март
2022
Лицейіміздің түлектері, бүгінде Suleyman Demirel University
⏸ Алматы қаласы N178 мамандандырылған лицейдің түлектері, бүгінде Suleyman Demirel University студенттері мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған құрылғылар ойлап тапты. ⏸ ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «BILIM Hackathon 2022» IT байқауында ІІІ орынды иеленді. Құтты болсын!!!
Лицей оқушылары баскетболдан Алматы қаласы Білім басқармасының кубогының жүлдегері атанды.
29
март
2022
Лицей оқушылары баскетболдан Алматы қаласы Білім басқармасының
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен "Білім басқармасының кубогы" Түрксіб ауданына қарасты №142 жалпы білім беретін мектебінде баскетболдан 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық турнир өткізілді. Турнирге Медеу, Әуезов, Түрксіб, Алатау, Жетісу, Алмалы ауданы бойынша мектеп оқушылары қатысып, №178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып окушылары ІІ орынға ие болды. Құтты болсын!
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтуде.
29
март
2022
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтуде. Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 24-25 наурыз күндері, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 28-29 наурыз күндері 2 кезеңде бөліп өткізілуде. Қатысушылар «Oqylyq» платформасы арқылы «бір қатысушы-бір компьютер-бір камера» қағидасы бойынша тапсырмаларды орындайды. №178 мамандандырылған лицейден жалпы саны 77
«Өз жұлдызыңды жақ!» жас педагогтар байқауы.
15
март
2022
«Өз жұлдызыңды жақ!» жас педагогтар байқауы.
       Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің арасында жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуі үшін жағдай жасау мақсатында өткізілген«Өз жұлдызыңды жақ!» байқауында№178 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі Исакова Жанар Бактиярқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Дарынды жас маманға шығармашылық табыс тілейміз.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Қозғалмалы және ұлттық ойындар" тақырыбында аудан мектеп мұғалімдерінің қатысуымен эстафеталық жарыс өткізді.
11
март
2022
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Қозғалмалы және ұлттық ойындар"
       Наурыз айының 11 жұлдызында №185 жалпы білім беретін мектебінің "Дене шынықтыру әдістемесі мен мәдениеті" бірлестігінің "Салауатты өмір-нұрлы болашақ" онкүндік жоспары бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Қозғалмалы және ұлттық ойындар" тақырыбында аудан мектеп мұғалімдерінің қатысуымен эстафеталық жарыс өткізді. Аталмыш жарыста №178 мамандандырылған лицей мұғалімдері II орынға ие болды. Жеңісті күндеріміз көп болғай, Құттықтаймыз!
Алматы қаласының үздік математиктері анықталды.
05
март
2022
Алматы қаласының үздік математиктері анықталды.
        АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАТЕМАТИКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ 2022 жылдың 4 наурыз күні «Алматы дарыны» орталығында педагогтерге арналған «Математикалық регата» олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.  Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетудегі ұмтылысын арттыру.  Қалалық кезеңге әр ауданнан құрамы төрт адамнан тұратын командалар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:  орын – Медеу ауданы Шоқан Уалиханов атындағы
"Ел жастары" клубының белсенді оқушыларының ата-аналарына лицей директорының алғыс хаты табысталды.
03
март
2022
"Ел жастары" клубының белсенді оқушыларының ата-аналарына лицей
   "Алғыс айту" күніне орай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы және өзін-өзі басқару ұйымына қарасты "Ел жастары" клубының белсенді оқушыларының ардақты ата-аналарына лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хаты табыс етілді. Алғыс айтып, алғысқа бөленіп жүріңіздер!
Шымкент қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті.
28
февраль
2022
Шымкент қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық
  🎓 Республикалық «Дарын» ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті. Республикадан жеңімпаз және жүлдегер атанған 🥇🥈🥉 11 жас зерттеушіні №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары мен ұстаздары құрмет көрсетіп, қошеметпен күтіп алды. Лицей директоры Қ.Х. Шадиев лицейдің атынан барлық білім мен ғылымды ұштастыра білген жас ғалымдарға және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс